Әкім салмаған көпірді халық өзі салып алды

Жанар Қожанова

  • 05.11.2020

Ілияс ИСПАНОВ та, Мавр АБДУЛЛИН да салмай кеткен көпірді Асхат ШАХАРОВ та салмады.

Ақтөбеде бір ауылдың тұрғындары өздері қолдан көпір тұрғызып алды. Жергілікті әкімдіктен жылдар бойы көмек күткен  Сазды ауылының халқы биліктен қайыр болмаған соң жиналып іске көшкендерін айтады. Көктем сайын суға шайылатын көпір ауылды басқа де елді мекендер мен ең бастысы бейіттерге қатынап тұруға керек дейді тұрғындар.Сөздерінше бір үйден өлік шықса қорымға жете алмайтын күндері болады екен.

Фотодағы көпірдің авторы да тапсырыс берушісі де қара халық. Асхат ШАХАРОВ бастаған ақтөбелік шенеуніктерден қайыр болмаған соң өздері қарекетке көшкен Сазды ауылының тұрғындары осылай жоқтан бар жасапты. Әркімнен керек құрылыс материалдарын жинап, өз қолдарымен тұрғызып алыпты.

«Халықтың күші. Ешқандай үкіметтен не биліктен бір тиында ақша аудармай өздері салды. Көктем кезінде былай қарай өтетін  шаруа болсын, иә болмаса өмір болған соң өлімде болады. Адамдар қайтыс болып жатқан жағдайда бейітке шығаратын кезде ана жақпен , ел айналып келеді. Сол қиын болды. Біздің әкімдер біледі. Бәрі біледі. Бәрінің де күнделіктерінде жазылып тұрған шығар,  журналдың үстінде», - дейді Сазды ауылының тұрғыны Нұртай ИБРАГИМОВ.

Алайда көпірдің мәселесі тұрғындар айтқандай  әкімдіктегілердің не күнделігінде не журналында болмай шықты. Сөздерінше өзеннің арғы бетінде стратегиялық нысан жоқ. Сондықтан ол жерге көпірдің де керек жоқ. Ал  қорымға айналма жолмен де баруға болады дейді шенділер.

«Қазіргі таңда Сазды өзенінің арғы бетінде ешқандай елді мекен, не болмаса стратегиялық нысандар жоқ. Сондықтан көпір салу негізсіз. Айналма жол бар, баруға мүмкіншілік бар. Тек бұл жерде қиындық болатын кез көктемнің су тасқыны кезі. Малдың өріске шығуына азғантай уақыт, және бейітке қатынау», –дейді Ақтөбе қаласы Астана аудан әкімінің орынбасары Алмас ЖАҚСЫЛЫҚОВ.

Әкімдіктегілер тұрғындардың өздері қолдан  салып алған көпірін әзірге не бұзу не қалдыру туралы ойламапты.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

13.01.2021

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

12.01.2021

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты

03.12.2020
MalimBlocks
«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Мұнайшылар аштық жариялады

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Ақтөбелік 250 жұмысшы наразылыққа шықты