Әкімшілік жауапкершілігі, ауа райы әлде адами фактор – Биылғы су тасқандарының себебі

Наурыз айында елімізде ауа райының күрт жылуы әсерінен 100-ден аса үй, 6 елді мекен су астында қалды. Аймақтардағы жағдайды баяндап, апаттың себептерін мамандардан сұрап білдік.

Ақниет Аманжолқызы

  • 13.04.2022

Қазақстанда көктем айларында су басу қаупі бар 1010 елді мекен бар. Министрлік бұл қауіптің сейілмеуінің үш себебін атап айтқан болатын: қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Биыл су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде күшейген. Биыл жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайлары тіркелді. Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті.

Су басу жағдайы әсіресе Павлодар және Ақтөбе облыстарында көп болған. Өңірлерде 43 үйден су бұру жұмыстары жүргізілген. Қауіпті деп танылған аумақтан 196 адам эвакуацияланып, оның ішінде 139-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 57-сі туыстарының үйінде орналасқан.

Біз осы апат болған аймақтарда халықты құтқарып, су бұрғылау жұмыстарын жүргізген құтқарушылармен тілдесіп, өңірлердегі жағдай туралы сұрастырып білдік.

Павлодар облыстық төтенше жағдайларды ескерту басқармасының жетекшісі, азаматтық қорғаныс майоры Шакир Ахметовтің сөзінше, қазір аймақта су басу қауіпі толық сейілген. Тек Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы су қоймаларын бақылауда ұстау керек.

«Ертіс өзені жағалауында орналасқан 16 елді мекен бар. Олар Шығыс Қазақстан облысы су қоймаларынан су жіберілген кезде су басу қаупі пайда болады. Тура сол секілді Қарағанды облысындағы су қоймаларынан су жіберілген кезде бақылау болуы керек. Оның үстіне осы су келуі мүмкін аумаққа ҚазАвтожол екі көпір салып жатыр. Қазір Май ауданының аумағындағы сол көпірлердің бірінің астынан су ағып жатыр. Біз тікұшақпен аумақты барлап жүреміз. Қазір ауа райынан келетін қауіп жоқ. Облыстың Ресеймен шекара аумағында ғана аздаған қар бар. Басқа аудандардың бәрі еріп бітті», - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші: Өртенген жердің иесі ғана жүгіріп жүреді, көршілері қарап тұрады

Ақтөбе қаласы Төтенше жағдай басқармасы қызметкері, азаматтық қорғаныс офицері Сержан Жалмағанбетов те ауа райына байланысты су тасқыны қаупінің сейілгенін айтады. Ол осы кезге дейін өңірде болған су тасқыны ауа райымен тығыз байланысты екенін айтады.

«Су көтерілуінің бірінші себебі ауа райының күрт жылынып кетуі. Біз жақта жердің үстінде 15-20 сантиметрдей мұз жатты. Тура сол кезде күн бұзылып, көтерілген су жерге сіңе алмай, басқа жаққа қарай ағып кете бастады», - дейді офицер.

Жалмағанбетовтің бұл сөзіне керекулік құтқарушы да қосылады. Алайда оның сөзінше, Павлодар облысында үйлерді су басуына кей тұрғындардың өздері  себеп болған.

«Мысалы, Ақсу қаласында тұрғындар қыс бойы аулаға қар жинаған. Оны сыртқа шығарып тастау керек еді. Құтқаруға барған кезде олардың ылғи қар тазаламай жүргендерін білдік. Жылда ауа райы біртіндеп жылығаннан кейін қар да біртіндеп еріген. Ал биыл күн күрт жылып, ауладағы қар бір күннің ішінде еріп, өздеріне қауіп төндірген. Біз мотопомпамен барып, суды бұрғылап алдық. Одан бөлек, көптеген адамдар су тура үйлеріне кірген кезде фото, видеоға түсіріп жібере бастайды. Түсірмесін демеймін. Бірақ қауіптің келе жатқанын көріп тұрсыз ба? Барлық жерге, әкімшілікке, төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, айту керек. Судың үйге кіргенін күтіп отырмай», - дейді Ахметов.

Оның сөзінше, аймақта қауіпсіздік шараларын бұзып салынған үйлерге су басып кіруі мүмкін деген болжам болған. Мысалы, Май ауданы Көктөбе аулына 2020 жылы салынған 7 үй оның алдында салынған үйлерге қарағанда еңісте орналасқан. Алайда құтқарушылар ол учаскіге үй салуға рұқсатты кім бергенін нақты айта алмайды. Офицер Жалмағанбетовтің айтуынша, Ақтөбе облысында да осыған ұқсас мәселе бар.

«Ақтөбе қаласы аумағына кіретін 93 үйді құтқару жұмыстарын жүргіздік. Оның 15-і ғана тұрғын үй. Басқасы саяжай ретінде салынған. Қазір адамдар саяжайда да қысты күні тұра беретін болып кетті. Оның үстіне еккен өнімдерін суару үшін су бойынан салуға рұқсат алған екен», - дейді Жалмағанбетов.

Ақтөбенің Павлодардан бір айырмашылығы қаланың ішінде су көтерілмеген. Себебі су арналары мен арықтар бар. Ал Павлодар қаласының көп аудандарында су арналары жоқ. Ол арналарды қазғанның өзінде аққан суды жинайтын орында қала маңында қарастырылмаған. Ал Ақтөбенің сырт аудандарында бар арықтар толық тазартылмаған. Офицер Жалмағанбетовтің сөзінше, 2017 жылы 920 үйді су басып қалғаннан кейін қалада жол картасы әзірленіп, 2018 жылдан бастап арналар қоқыс пен арық бойына өскен ағаштардан тазартылған. Алайда жұмыстың 70 пайызы істелген кезде қаланың эко белсенділері ағаштарды кесуге қарсы шығып, жұмыс аяқсыз қалған. Биыл су басқан аумақтардағы Жіңішке өзенінің бойында бұл жұмыс жүргізілмеген.

Оқи отырыңыз: Көктемде тасқын, қыста көшкін – құтқарушылардың өмірі

Азаматтық қорғаныс майоры Шакир Ахметов су басу қаупінен сақтану үшін әр аумаққа өзіндік табиғи, ауа райы ерекшелігіне қарай, жоспар жасау керегін айтады. Және бұл жұмыстар жалғыз әкімдіктің қолынан келмейтінін айтады.

«Заң бойынша су басу қауіпті жағдайын жергілікті әкімшілік бақылап отыру керек. Қазір бізде әр аудан әкімдігінде арнайы штаб бар. Бірақ олардың шамасы жетпейді. Мысалы, қар тазалау жұмыстарын алайық. Елді мекендердің ішінде қарды әкімшілік тазалайды. Алайда көп біздің өңірде көп ауыл еңісте орналасқан. Яғни жазық далада еріген қар сол ауылдарға қарай ағып барады. Әкімшіліктің жазық даладағы қарды тазалауға олардың күші жетпейтінін түсіну керек. Аймақтың табиғи, ауа райы ерекшелігіне мән беру керек. Елді мекенді дамбымен қоршап тастауға да болар еді. Бірақ Атбасардағы жағдай қайталануы мүмкін. Ол өңірде дамбы керісінше, қауіпті күшейтіп жіберді. Ауылдан шыққан су дамбыға соғылып, қайтадан ауылға бет алды. Сондықтан геодезистердің пікірін біліп, солардан жоспар сұрау керек», - дейді Ахметов.

Аймақтарда қазір жағдай тұрақталған. Наурыз айында көтерілген суды басу үшін құтқарушылар күндіз-түні жұмыс істеген. Біздің «Құтқарушылардың саны тым аз емес пе? Аз адамға жауапкершілік арту дұрыс емес болар?» деген сұрағымызға:

«Көмек керек кезде әкімшілік пен әскерден адамдар шақырамыз. Бірақ өз күшімізде жетеді. Тек техникалық қолдау көрсетсе, мотопомпалар көбірек болса», - деп жауап берді.

Құтқарушылардың сөзінше, ауа райының бұлай күрт бұзылуы күтпеген жағдай болған. Себебі Қазгидромед Қазақстанның барлық өңірлеріне наурыз бен сәуір айларында күн біртіндеп жылынып, ауа райы жайлы болады деп болжам жасаған. Ал жауын-шашын жайлы ақпаратты тек сол жаңбыр жауатын күні берген.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

17.10.2023

Астанада демалыс күндері жауған қардың мөлшері айлық нормадан асып түсті

17.04.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

Суд по делу об утечке ИИНов: давайте мириться?

11.12.2022

Павлодарда зорланған жасөспірім 10-қабаттан секіріп кетті

16.08.2022
MalimBlocks
Ақтөбе тұрғындары облыс әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрайды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Алтай батыр ауылының тұрғындары не ауыз суға, не дені дұрыс жолға жарымай отырғандарына бірнеше жыл болған. Бұл ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша ауыз су тартылғанына екі жылдан асса да, әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Тұрғындар аудан әкімінің шығарып салма жауабынан шаршағандарын айтады. Төзімі түгесілген ауыл халқы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқтан көмек сұрап отыр.

Астанада демалыс күндері жауған қардың мөлшері айлық нормадан асып түсті

«Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді», деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Суд по делу об утечке ИИНов: давайте мириться?

Павлодарский городской суд дал время на примирение сторон по делу о распространении персональных данных 11 сотрудников психоневрологического центра по оказанию специальных социальных услуг (ОПЦОССУ).

Павлодарда зорланған жасөспірім 10-қабаттан секіріп кетті

Денсаулығына қатты зақым келген қызға 4 рет операция жасалды