Алматы облысында Назарбаевтың бағдарламасы жүзеге аспай жатыр

Берік Жанатханұлы

  • 22.06.2020

Бүгін Талдықорған қаласына Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында балабақша ашқан он бес шақты кәсіпкер келді. Олар облыс басшысы Амандық БАТАЛОВПЕН кездесуге ниетті еді. Алайда әкім коронавирусқа шалдығып қалғандықтан жолығудың реті түспеді.

2019 жылы қос ауданның бір топ кәсіпкерлері экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақша ашады. Әрине, аудан басшылығына мемлекет тарапынан көмек болатыны жөнінде сұрап нықтап алады. Жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлердің бастамасына қуанып, жәрдемдесетіндерін айтқан екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы президент Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ үкімет пен әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісуді тапсырған-ды. Бұл бағдарлама бойынша әр балаға мемлекеттен демеуқаржы бөлінеді. Сол кезде облыстар мен қалалар жарыса президент бағдарлаамсын жүзеге асыруды бастап кеткен еді. Бірақ...

МӘЛІМ КЗ сайтыынң тілшісімен кездескен кәсіпкерлердің айтуынша, қазір 70 жуық ашылған балабақшалардың 50 шақтысы жабылып қалған.

«Мемлекет халықты 100 пайыз балабақшамен қамтыған жоқ. Үкіметке болысу үшін біз ашылдық. Бізге үкімет ашыңдар, ашыңдар деді. Халық үшін жұмыс жасайық. Біз көмектесеміз деп уәде берген. Енді қаржылай көмек көрсете алмай отыр. Осыған ішіміз күйеді», - дейді Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының «Дария» балабақшасының меңгерушісі Әйгерім НОҒАЙБАЕВА.  

Қаржылай шығынға баттық деген кәсіпкерлер заңсыздықтар да болып жатқан сынайлы дейді.

«Біз 2019 жылы қыркүйек айында жекеменшік балабақша ашқан едік. Содан бері әкімдікке талай барамыз. Балалардың ұлттық бірыңғай дерекетер қорында тіркелуін талап еттік. Біз мемлекеттік тапсырыс алмағандықтан бізге тіркеуге тыйым салынды. Енді қараңыз. Карантинге дейін бізде 90 бала болған. Қазір 50 бала бар. Бұл балалардың көбі басқа балабақшалардан келді. Бірақ олар ұлттық бірыңғай деректер қорында қалып  отыр. Ата-аналар бізге тіркейін десе бізде ондай мүмкіндік жоқ. Сонда қараңыз. Бұл жерде заңсыздыққа барып та жатқандар бар сияқты. Сол балалар тіркеуде бар деп демеуқаржы алатын балабақшалар мемлекеттің қаржысын құрдан құр алып жатқан сияқты. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Жаңа осы сұрақты облыстық білім басқармасына қойдым жауап жоқ», - дейді Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылының «Еркенұр» балабақшасының меңгерушісі Жанар СЕЙСЕНБАЕВА.  

Сондай-ақ, Жанар Сейсенбаева тіпті «Балапан» бағдарламасына іліге алмай қалғанын айтады. Президент Назарбаевтың «2020 жылға қарай қалалық және ауылдық жерлердегі балалардың бәрі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы керек» деген сөзін алға тартады. Әр кәсіпкер облыс орталығына әкім Баталовтың атына арнайы хатта жазып келіпті. Бірақ жолығудың реті жоғарыда айтылғандай келмеді.

Облыстық білім басқармасындағылар кәсіпкерлердің айтқан базынасына қатысты тексеріс болады деп қысқа қайырды.

«Бұл мәселені анық қанығын анықтайық. Содан кейін нақты жауабын айтайын. Өздеріңіз қараңыздаршы мен енді қазір бірден кесіп ештеме айталмаймын ғой. Себебі мемлекеттік тапсырыс алып балабақшалардың балалары қаншалықты жекеменшік балабақшаларға ауысты. Бұны тексеру керек, анықтау керек. Бұл кісілер айтқан фактілер қаншалықты шын екенін білуім керек.  Сосын нақты жауабын береміз», - дейді Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы Майгүл ОМАРОВА.

Алматы облысында мемлекеттік тапсырыс бойынша 72 мың балаға ақша бөлініп отыр. 2020 жылы  мектепке дейінгі мекемелермен 100 пайыз қамту үшін қосымша 29,7 млрд бөлініпті.

Фотолар автордікі.

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін