Алматы қаласы және пробациялық қызмет

  • 29.03.2023

 

Алматы қаласында 27 сотталған адам пробация қызметкерлері арқылы заңгерлік көмек алды.

Алматы қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Бостандық аудандық пробоция қызметінің жеке бақылауында сотты болғандар тізімінде 254 адам бар. Пробация қызметі инспекторлары сотты болған адамдармен тікелей жұмыс жасап, бейімдеу жұмыстары бойынша арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс істейді. Сондай-ақ, пробация қызметінің испекторлары сотталған адамдардан келіп түскен арыз-тілектер мен өтініштерді де жауапсыз қалдырмайды және мемлекеттік органдардан көмек алуларына жағдай жасап, атсалысады.

Сотталған азаматтардың құжаттарының толық болмауы, алған білімі жайлы тағы да басқа жеке басына қатысты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауы сотталғандар үшін біраз қиындықтар тудырып, қоғамға бейімделуіне, араласуына кедергі келтіреді. Осы мақсатта Бостандық ауданы пробациялық бақылау бөлімінің қызметкерлері сотталған 27 адамға заңгерлік көмек көрсеткен.

Пробация қызметі бірқатар жаза түрлерін орындайды. Олар қоғамнан оқшаулауға байланысы жоқ жазалар болып келеді. Солардың ішінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, түзеу жұмыстары негізіндегі жаза, бас бостандығын шектеу жазасы, шартты түрде сынақ мерзімге сотталған, сотты болған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеру, белгілі қызмет пен лауазымынан айыру туралы айта кетуге болады.

Пробациялық қызметтің негізгі мақсаты заңмен не сотпен берілген міндеттерінің орындалуын бақылап, әділеттілік қалыптастыру. Сотталған адамдарды түзеу мақсатында жұмыстар жасау, қайта сотты болмауына ықпал етіп, олармен тығыз байланыста жұмыс жасау. Сотты болған адамға жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік сонымен қатар құқықтық нормаларын сақтай отырып, олардың қоғаммен етене араласуына барынша ықпал жасау. Сотталған адамға әлеуметтік көмек көрсетіп, оларды білім алуға, жұмыс жасап кәсіп ашуға, ем алуға құқықтық тұрғыда кеңес беруді ұйымдастырады.

Сотты болған адамға психологиялық тұрғыда да көмектер көрсетіліп тұрады. Олардың қайта құқық бұзушылық пен қылмыс жасамауы үшін жұмыстар атқарады. Пробациялық бақылаудағы адамдадарды қолдау мақстатында көрсетілген көмектер олардың қоғамға қажет екендіктерін көрсетіп, тура жолға түсуіне жағдай жасау мақсатында жасалады. Пробациялық бақылау қызметкерлерінің негізгі мақсаты сотталғандарды жазалау емес, керісінше оларды тәрбиелеу, түзету, қайта тәртіп бұзбауға үндеу. Бұл бағыттағы жұмыстар күндіз-түні қайнап жататын оңтүстік астананың тіршілігімен бірге тоқтаусыз жүре беретіні хақ.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: