Алматы қаласындағы құқықтық сананы дамыту шаралар

Қазақстан Республикасының Конститутциясында – Қазақстан зайырлы, демоктариялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені атап көрсетілген. Еліміздің әр азаматы заңды және өз құқықтарын жетік білуі тиіс. Құқықтық заңды білу – қоғамдағы тәртіп пен өмір сүрудегі тұлғаның жеке шекарасын, құқығы мен бас бостандығын айқындайтын күш. Қоғам мемлекеттік тәртіпке бағынып өмір сүреді және құқықтық нормаларды пайдалана отырып құқықтық тәртіп қалыптасады. Республикамыздың Ата заңына бағынып оған мойынсұну, жауапкершілікпен заңдарды сақтау, білу, және қабылдау, соған сәйкес мінез-құлық пен құрмет көрсету әрбір азаматтың жеке міндеті.
Қоғамның қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі – құқық бұзушылық пен оның бүтіндей бір мемлекетке, оның демократиясына және қаншама жазықсыз адамға зиян тигізетіні. Конститусиямызда мемлекетіміздің басты қазынасы-адам және адам өмірі, құқықтары мен бас бостандығы екендігі атап көрсетілген. Сондықтан адам құқықтары мен бостандығы заңмен қорғалады және оған кепілдік береді.
Осы ретте жастар арасындағы құқықтық тәрбиені, жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға баулитын ең маңызды орын ол – оқу ошақтары. Алматы қаласы ең үлкен мегаполис болғандықтан, мұнда оқу орындары өте көп. Сол себепті, студенттер мен оқушылардың құқықтары мен міндеттерін біліп жүруі үшін атқарылуға тиіс шаруалар аз болмауға тиіс. Еліміздің ертеңі жастар болғандықтан жастарға құқықтық тәрбие мен заңды барынша білуі мен оны қабылдауы өте маңызды. Заң жүзінде өзін-өзі қорғай алатын тұлға қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар мен тәрбиелік сабақтар өткізіліп отырады.
Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимаратында да қала және аудан прокуратураларының, Алматы қаласы және сот орындаушыларының палатасы осы мақсатта бірқатар іс шаралар жүргізіп тұрады. Бұл акциялар мен жиналыстардың негізгі мақсаты қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамытып, заң аясында жұмыс жасауға баулу.
Аталған мақсатта Алматыда «Заң көмегі» акциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар зайырлы, тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып қалыптасуға ықтал жасайтын азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі. Құқықтық мәдениетті біліп қана қоймай оның күнделікті өмірде орындалу механизіміне ықтал жасауымыз керек дейді.
Сондай-ақ, акция аясында Оқу-ағарту министрлігі дайындаған «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын туралы да айтылды. Құжатта «Бала құқықтары туралы конвенсияға қатысатын мемлекеттер баланың нәсілі мен түр-түсіне, жынысы мен тіліне, дініне, ұлттық, этникалық немесе тегіне, нәсіліне, мүліктік жағдайына қарамастан әрбір бала үшін көзделеген барлық құқықтарды тең таниды», - делінген.
Құқықтары бұзылған балалар енді БҰҰ-ға шағым түсіре алады, оның мақсаты баланың құқығын қорғау және оны құқық бұзушылықтан тыю. Келісімнің негізінде құқығы сақталмаған балалар өздері немесе олардың ата-анасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағым түсіруге мүмкіндік алады. Құқық бұзушылық ұлттық сотта шешімін таба алмаған жағдайда тәуелсіз және бейтарап органдарға өтініш жіберу арқылы бала құқығын қорғауды дамытады.
Бұл мақсатта Алматы қаласында атқарылып жатқан шаралар аз емес. Соның бірін мысалға келтірейік. Алматы қаласы бойынша заң бұзушылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Алматы қаласы полициясы жаңа жоба таныстырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың ең тиімді құралының бірі «ODARA» әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша құқық бұзушылық қаупін бағалау және агрессорлардың көмек көрсету орталықтарында түзеу курсынан өтуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс алғаш рет «Әріптестік-тұрмыстық зорлық зомбылықтардың алдын алу құралы» атты форумда тыңдалған болатын. Форумда агрессорлармен жұмыс істеудің бұл әдісін бірқатар қалаларда оның ішінде Алматы қаласына енгізіп, іске асыру туралы шешім қабылданған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.