Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина СІМ басшысы: Ресей екі АЭС-тің қосалқы станцияларына әдейі соққы жасады

Әлем
Украина СІМ басшысы: Ресей екі АЭС-тің қосалқы станцияларына әдейі соққы жасады
Фото: aa.com.tr/ru

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Ресейдің 8 қарашаға қараған түні жасаған жаппай шабуылы кезінде Хмельницкий және Ровно атом электр станцияларын электрмен қамтамасыз ететін қосалқы станцияларға әдейі соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бұл — кездейсоқ емес, алдын ала жоспарланған соққылар.

«Ресей Еуропадағы ядролық қауіпсіздікті әдейі қатерге тігіп отыр», — деп жазды Сибига әлеуметтік желіде. Ол жағдайды талқылау үшін МАГАТЭ басқарушылар кеңесінің шұғыл отырысын шақыруға үндеді.

Сибига сондай-ақ ядролық қауіпсіздікке мән беретін елдерді, соның ішінде Қытай мен Үндістанды, Мәскеуден атом энергетикасына бағытталған қауіпті шабуылдарды тоқтатуды талап етуге шақырды.

«Ядролық шантажды тоқтату үшін Ресейге ғаламдық қысым жасау қажет», — деді ол.

Украина билігінің мәліметінше, бұл елдің энергетика жүйесіне жасалған ең ауқымды шабуылдардың бірі болды.

Нәтижесінде бірнеше өңірде жарық сөнді, Киев, Харьков және Кременчуг қалаларында электр энергиясын апатты түрде ажыратуға тура келген. Кременчуг толығымен жарықсыз қалған
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу