Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның басым бөлігінде қатты жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі

Қоғам
Қазақстанның басым бөлігінде қатты жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі
Фото: freepik.com

9 қарашада еліміздің көптеген өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, батыс, солтүстік және шығыс аудандарында қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде боран, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, ал батыс, оңтүстік және шығыста екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Осындай ауа райы Көкшетау мен Астанада да күтіледі.

Жамбыл облысында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ және боран күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында түнде және таңертең батыс бөлігінде тұман түсуі мүмкін.

Ұлытау облысында жаңбыр мен қар, көктайғақ, боран күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–23 м/с. Жезқазғанда күндіз жел 15–18 м/с болады.

Қарағанды облысында күндіз және түнде жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде көктайғақ пен боран күтіледі. Желдің екпіні 20–23 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман және боран болады. Петропавлда да дәл осындай ауа райы болжанған.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Оралда да көріну қашықтығы төмендейді.

Ақтөбе облысында жел бағытын өзгертіп, 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай облысында жаңбыр мен қар жауып, солтүстік пен шығыста жауын-шашын күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ, боран және тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да жаңбыр мен қар, көктайғақ және боран болжанған. Желдің екпіні 23–25 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.

Мамандар тұрғындарға жолда абай болуға, ал жүргізушілерге көлікті сақтықпен басқаруға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу