Супертайфун «Фунгвонг» жел жылдамдығы 230 км/сағ дейін жетіп, Филиппинге жақындап келеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Қауіпсіздік шаралары аясында мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылды, жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді, халық эвакуациялануда.
Демалыс күні, 9 қарашада, Филиппиннің төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствосының орынбасары Рафаэлито Алехандроның хабарлауынша, елдің әр аймағынан 916 863 адам қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
«Фунгвонг» жексенбі кешке дейін құрлыққа жетуі күтілуде. Бірнеше күн бұрын өткен «Калмаэги» тайфуны кемінде 224 адамның өмірін қиды.
Тайфун радиусы үлкен болғандықтан, бүкіл ел аумағын қамтуы мүмкін. Ұлттық метеорологиялық қызмет дерегінше, жергілікті уақытпен 11:00-де (Мәскеу уақыты 05:00) «Фунгвонг» 185–230 км/сағ жел жылдамдығымен жылжып келе жатыр. Кішігірім Катандуанес аралы дауылдың эпицентрінде болуы ықтимал.