Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Енді алдыңызға келмеймін": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы шындықты айтты

Қоғам
"Енді алдыңызға келмеймін": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы шындықты айтты
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен алғаш рет қалай танысқанын еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, олардың алғашқы кездесуі 1989 жылы «Гүлдер» ансамблінде өнер көрсетіп жүрген кезінде, жатақханада тұрған уақытта болған. Сол кезде ол баспана мәселесі бойынша Заманбек Нұрқаділовке өтінішпен барған.

"Ол кісінің мысы басым еді. Жеткенше аяғым дірілдеп кетті. Тесіліп қарап отырды. Қағазға жазып алған өтінішімді әрең айтып шықтым. Тоғыз жыл жатақханада тұрып жатырмын, бірінші кезекте тұрмын. Бірақ бізде "Гүлдерде" жүрген қыздарды күйеуге шықса болды, кезектен шығарып тастайды. Соны айттым. Ол кісі бәрін тыңдап отырды да: "Бара бер! 20 күннен кейін кел" деді. Шок болып қалдым. Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатыр едім. "Сіз маған "иә" не "жоқ" деп айтыңызшы. Бересіз бе, бермейсіз бе?" деп сұрап тұрмын. Ол кісі орнынан атып тұрып "Бар, саған түсіндіреді" деді. Сол сәтте өзім де шошып кеттім. "Енді алдыңызға келмеймін" деп жатақханаға барып, өкіріп жыладым", – дейді әнші.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, олар жарты жылдан кейін қайта жолыққан. Ол кезде әнші гастрольдік сапармен Мароккоға кетіп бара жатқан, ал делегацияны Заманбек Нұрқаділов бастап барған екен. Кейін саясаткер бұл сапарға әдейі баруын өзі мойындаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу