Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында 50-ден астам елді мекен арақ-шараптан бас тартты

Қоғам
Атырау облысында 50-ден астам елді мекен арақ-шараптан бас тартты
Фото: istockphoto.com

Атырау облысында Махамбет ауданына қарасты Еңбекшіл ауылы толықтай арақ-шараптан бас тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде ауылда 47 үй, 272 адам бар. Шағын ғана елді мекен болғанымен, әр үйдің есігі айқара ашық, адамдардың арасы жақын, бірінің қуанышы – бәріне ортақ. Мұнда бір мектеп, медициналық пункт және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ұсынатын жалғыз дүкен жұмыс істейді.

Махамбет аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Айдос Сейтқазиевтің айтуынша, ауылдағы тыныштық пен тәртіп – адамдардың өзара түсіністігінің нәтижесі.

«Биыл ауыл тұрғындары өзара келісе отырып, ішімдік сатуға да, ішуге де мүлде тыйым салуды ұйғарды. Қазір ауылға келсеңіз, тыныштық пен татулық орнаған. Адамдардың ой-санасы өзгеріп келеді – ішімдіксіз өмірдің сәні мен мәні бар екенін түсінді», – деді полиция майоры.

Қазір Атырау облысында 50-ден астам елді мекен ішімдіктен бас тартқан. Мұндай ауылдарда қоғамдық тәртіптің деңгейі жоғары, тұрғындар арасындағы сыйластық та берік. Еңбекшіл ауылының өмір салты – қарапайымдылық пен тазалықтың жарқын үлгісі. Осындай өнегелі ауылдар көбейсе, еліміздің болашағы да жарқын болары сөзсіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу