Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада ақын Нұрболат Жолдасбектің “Періштелер көрген түс” атты кітабы таныстырылды

Әдебиет
Астанада ақын Нұрболат Жолдасбектің “Періштелер көрген түс” атты кітабы таныстырылды
Сурет авторы: Тәуірбек Бозекен

Бүгін Астанада жас ақын Нұрболат Жолдасбектің “Періштелер көрген түс” атты жыр жинағының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Мазмұны мен мәні ерекше бұл кешке ақындар, жазушылар және оқырмандар қатысты. Кітаптың тұсауын белгілі қаламгерлер Бауыржан Қарағызұлы мен Тоқтарәлі Таңжарық кесіп, жас ақынға ізгі тілектерін арнады.

"Нұрболаттың шығармашылығымен бірнеше жылдан бері таныспыз. Ақын неопоэзияны дамытып, өзіндік үнімен, мәнерімен қатарластарынан ерекшеленіп тұрады. Алдағы уақытта көптеген кітаптарың жарық көрес берсін", - деп тілегін жеткізді Б.Қарағызұлы. 

Таныстырылым барысында жинақ авторы өз өлеңдерін оқып, әнші-композиторлар Тәуірбек Бозекен мен Абылайхан Жұмаш ән орындап, кештің сәнін келтірді.

Шара соңында “Алматыкітап” баспасы ақынға шығармашылық табыс тілеп, сый-сияпат жасап, алдағы уақытта астаналық қаламгерлермен бірлескен жобалар жасау жөнінде ұсынысын білдірді.

Нұрболат Жолдасбектің жаңа жинағына тырнақалды туындылары енген. Кітапты "Абай" баспасы шығарған. Автор өзін толғантқан түрлі тақырыпқа еркін барады. Өлеңдері композициялық құрылымымен ерекшеленіп, мазмұн тереңдігімен оқырманды бей-жай қалдырмайды. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу