Алматы толықтай жабылады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов 22 наурыз сағат 00.00-ден бастап қала сыртына қойылған блок-посттар толық жабылады деді. Әкім орынбасарының айтуынша, қалаға келемін деушілер осы 72 сағаттың ішінде кіріп үлгеруі тиіс. Қаладан кетемін деушілер де осы уақыт ішінде шығып кетуі керек.
Бұл қала толығымен жабылады, әуе, автокөлік, теміржол қатынасы толық тоқтайды деген сөз. Қалаға тек жасыл дәлізбен қажетті тауар, азық-түлік пен дәрі-дәрмекті әкелуші көліктер ғана кіре алады.
Демек, қалаға сырттан қатынап жұмыс істейтін азаматтар да 22 наурыздан бастап Алматыға кіре алмайды. Е.Қожағапанов қалаға қатынап істейтін жұмысшыларды жұмыс беруші үй-жай, тамақпен қамтуы керектігін айтты. Егер жұмыс беруші мұны істей алмаса, онда жұмысшы қаладан шығып кетуі керек.
"Жұмыс берушілерден көп сұрақ келіп түсті. Барлығы үйге қайтуы керек. Алматыда тұрмайтын адамдар үйлеріне қайтып, үй шаруасымен айналыссын", – деді әкім орынбасары.
"Бірақ Алматыға әуе жолымен қайтып оралғысы келетін ҚР азаматтары кіре алады. Елден шығып кеткісі келетін шетел азаматтары да ұшақпен елдеріне кете алады. Өйткені 72 сағат шектеу алыс елдерден оралғысы келетін азаматтарға жетпей қалуы мүмкін. Әрине, оларды кіргіземіз", – деді Қожағапанов.
Алматының ішінде адамдар мен көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.