Алматыда трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

  • 24.03.2023

 

Алматы қаласында 8 тонна синтетикалық есірткі тасымалына тосқауыл қойылды.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару мақсатында елге прекурсорлар тасымалдауды жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан жасақталған транұлттық қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл болды.

Жедел уәкілдер зертханаларда синтетикалық дәрілер мен препараттарды жасау үшін қолданылатын прекурсорды жеткізу арналары мен ошақтарын анықтау барысында арнайы операция жүргізді.

Топтағы әрбір адамның рөлі мен басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында «арнайы жүк» барлық маршрут бойына бақылауда болды. Сондай-ақ, оған қосалқы  әуе арқылы барлау жұмысы да қолданылды. 2022 жылдың қазан айында арнайы операцияның алғашқы кезеңінде және осы жылдың наурыз айында прекурсорлардың кантробандасына қатысы бар 3 шетелдің азаматы елден тыс аймақтарда қолға түсті.

Осы іс бойынша жүргізілген операцияның соңғы кезеңінде Алматыда 21-наурыз күні көршілес елдердің 2 азаматы және қазақстандық ұсталды. Ол азаматтардан әртүрлі салмақтағы мефедон, шетелдік полиция қызметкерлерінің жалған куәлігі мен электронды таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары, сондай-ақ зип-пакеттер тәркіленді. Тінту барысында ІІМ және Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлері синтетикалық есірткі даярлау мақсатында қолданылатын прекурсорларды,  арнайы зертханалық жабдықтарды тәркіледі. Прекурсорлардың жалпы көлемі 72,2 тоннаны құрап отыр.

Тәркілеу барысында 8 тонна синтетикалық есірткіні өндіруге тосқауыл болды. Бұл дегеніміз 8 миллион бір реттік доза деп қарастырылып отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ІІМ синтетикалық есірткі өндірудің алдын алу мақсатында прекурсорларды жою жұмыстарымен айналысып отыр.

Сондай-ақ,  Алматы полицейлері дәл осындай тағы бір есірткі зерханасын жойды. Зертхананы тінту барысында бірнеше пакет дайын өнім тіркіленген. Зертхана Түріксіб ауданындағы Харьковская көшесіндегі жеке үйлердің бірінде орналасқан.

«Үйді тінту барысында полиция қызметкерлері ұнтақ пен кесек түріндегі заттар, пластик ыдыстар мен сұйықтығы бар препараттарды тәркілеген», - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ департаменттің хабарлауы бойынша, полиция қызметкерлері есірткі зертханасында дайын тұрған өнімнің бірнеше ірі көлемін анықтаған. Тәркіленіп, табылған заттардың бәрін сот-химиялық сараптамасына жіберілді. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу ісі де басталып кетті.

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.