Алматыда халықаралық Digital форумы өтіп жатыр

Форумда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинн өнеркәсіпті цифрландыру – бүгінгі күннің жаңа талабы екенін айтты. Министр экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде машина жасау, тұрмыстық техника және тау-кен өнеркәсібінде қолданылатынын атап өтті.
-Мемлекет басшысы алдымызға 2026 жылға қарай ІТ-экспорт көлемін 1 млрд долларға дейін ұлғайтуды және Қазақстанды өңірдегі жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыру міндетін қойды. Біздің барлық бастамаларымыз, соның ішінде Google for Startups және Draper University-мен бірлескен бағдарламалар, Silkroad Innovation хабын іске қосуға қолдау көрсету, Digital Bridge және Digital Almaty IT форумдарын өткізу – осы мақсатқа жету құралдары,-деді форумда Бағдат Мусин.
Министр Digital форумы бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар, IT-қоғамдастық кездесетін бірегей алаң екенін айтты.
-Форумда ұсынылған идеялар нақты шешімін табады. Оған жарқын мысал: 2023 жылы Кремний алқабында Silkroad Innovation Hub құрылуы. Бүгінде хаб жаңа стартап жобалардың тартылыс нүктесіне айналды әрі өңірімізде цифрлық шешімдерді қолдану аймағын кеңейтуде күш-жігерін біріктірді. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көрсетуге және инвесторлар табуға мүмкіндік алады, - деді Бағдат Мусин.
Digital Almaty VI форумы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдерді ұсынатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ.

Ең көп оқылған
