Алматыдағы дағдарыс орталықтары және қиындыққа тап болған отбасылар

Осы жылдың өзінде-ақ елімізде 2000 нан астам адам профилактикалық есепке алынып, оның 1800 ге жуығына қорғау нұсқамасы берілген. Сондай-ақ, мәжбүрлеп емлелуге жіберілгендер мен құқық бұзушы азаматтарды ерекше мінез-құлық талаптары бойынша да тізімделгендер саны күннен-күнге артпаса азаймаған.
Республикамыздың бірқатар аймақтарында дағдарыс орталықтары ашылған. Орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер жиі бас сауғалап барып жатады. Өкінішке орай, осы жылдың өзінде-ақ, орталыққа барған әйелдердің саны азаймай отыр. Алматы қаласы бойынша дағдарыс орталықтарына орналастырылған әйелдердің саны 170-тен асады.
Өкінішке орай, дағдарыс орталықтарының бәрінде бірдей орын болмауына байланысты, келген әйелдердің 50 пайызға жуығы қайта зорлық-зомбылық көрген күйеулеріне қайтып жатады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жиі қайталана беруінің бір себебеі: әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, ақша жетіспеушілігі мен жұмыссыздық. Отбасындағы ақша жетіспеушілігінен туындаған даудың арты қол көтеру мен тұрмыстық-зорлық зомбылықты ушықтыруға әкелетін жағдайлар тудыруы мүмкін.
Дегенмен, осындай мәселелерді заң аясында, құқық қорғау өкілдерінің көмегі арқылы шешілетінін естен шығармауымыз керек. Осы мақсатта Алматы қаласының ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова мынадай мәлімдеме жасады:
«Талдау көрсеткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстар отбасылық жанжалдан, түсініспеушіліктерден, жұбайының жұмыссыздығынан, алкагольді ішімдік ішуінен, мүлікті бөлуден, туыстарының отбасылық өмірге араласуынан, қызғаныштан, сондай-ақ қиындықтарды жеңу дағдылары, агрессорға шамадан тыс тәуелділік салдарынан туындайды. Сонымен қатар, отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер жасырын сипатқа ие, бұл шынайы көріністі толығымен көруді қиындатады».
Айта кету керек, соңғы жылдары оңтүстік астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Ашылып жатқан дағдарыс орталықтарының басты мақсатының бірі: қиын жағдайларға кезіккен отбасыларға қолдау көрсету және отбасындағы баланы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқару, барар жері жоқ аналарға пана болу, олардың жағдайларын жасап, медициналық көмек көрсету, отбасының маңызы мен құндылықтарын дәріптеу және түсіндіру жұмыстарын жасау.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.