Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада құлаған кондиционерден жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Қоғам
Астанада құлаған кондиционерден жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 8 қарашада ауыр жарақат алған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 жастағы фельдшер қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде тұрғын үй кешенінің қасбетінен құлаған сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер бөлігінің астында қалып, ауыр жарақат алған.

"Фельдшер Ұлдана Мырзуан 18 қарашада алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды. Бұл – біздің ұжым үшін орны бөлек ауыр қаза", – делінген ведомство хабарламасында.

Марқұм бірнеше күн бойы өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан.

Оқиға 8 қараша күні таңғы 10:30 шамасында болған. Ұлдана әріптестеріне көмекке келген кезде екі адамды қирандылардың астынан алып шыққан. Алайда үшінші зардап шегушіні көтермек болған сәтте, жоғарыдан құлаған кондиционер оның басына қатты соққы жасаған. Бұл туралы марқұмның жұбайы Әділет Зейнел айтып берді.

Ұлдана Мырзуан бес жыл бойы фельдшер қызметін атқарып, өз мамандығын ерекше жақсы көрген. Туыстары оның жұмысының қауіпті екенін айтып, басқа салаға ауысуды ұсынғанымен, ол сүйікті ісінен бас тартпаған.

Айта кетейік, Ұлдана жақында ғана тұрмысқа шыққан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу