Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түрксіб ауданы Алматыдағы "ең жасыл" аудандардың бірі болып қала бермек

Экология
Түрксіб ауданы Алматыдағы "ең жасыл" аудандардың бірі болып қала бермек
© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

Түрксіб ауданы Алматыдағы ең көгалданған ауданның бірі болып қала бермек. ӨКҚ брифингінде аудан әкімі Бақытжан Ақжаров осылай деді.

Ауданда 772,5 мыңнан астам ағаш, 63 жасыл аймақ бар, оның ішінде 5 парк, Баум тоғайы мен 15 алаңқай орналасқан.

© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы
© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

2025 жылы көгалдандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

  • 1190 кесек ағаш пен 55,6 мың бұта егілді;
  • 20 000 ағаш кесіліп,  4974 ағашты пішіндеп кесіп шықты;
  • 2800 ағаш қырқылды.

Бұларға қоса, Майлин, Бұқтырма, Құлжа тас жолы, Сүйінбай мен Сейфуллин көшесінің бос аймақтарын абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Бұл жерлерге бұта егіліп,  автосуару жүйесі орнатылды.

© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы
© Алматы қаласының әкімдігі / Түрксіб ауданы

2026 жылға арналған жоспарда келесідей жұмыстар көзделіпті:

  • 980 кесек ағаш пен 32,5 мың бұта егу;
  • 20 000 ағаш қырқылып, 4974 ағаш пішінделіп, 2800 ағаш кесу;
  • Ақан Сері, Хасангалиұлы, Шолохов пен Рысқұлов көшелерін көгалдандыру.

Бұл жұмыстар ауданның жасыл-желегін сақтап, дамытуға, Түрксіб ауданының тұрғындарына жайлы да таза қалалық орта құруға бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу