Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

400 млн теңге несие жауап жүрген кәсіпкердің басы дауға қалды

Қоғам
400 млн теңге несие жауап жүрген кәсіпкердің басы дауға қалды
Фото: Коллаж Malim.kz

Алматыда қыз баланың кәсіпкерден 2 миллион теңгесін қайтара алмай жүргені туралы жазбасы әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Пост жарияланғаннан кейін дәл сол азаматтан жапа шеккенін айтқан ондаған адам пікір қалдырған.

«Аппаратты ала алмай, ақшамды қайтарта алмай жүрмін»

Жазба авторы musiirv есімді қыздың айтуынша, ол кәсіпкерден кофе аппарат сатып алған. Аппарат 1 айда дайын болуы керек болса да, ол 5 ай бойы кешіктірілген. Осыдан кейін сатып алушы тапсырыстан бас тартып, ақшасын қайтаруды талап еткен.

Басқаша амал қалмаған соң тараптар ай сайын бөліп төлеуге келіседі. Алғашқы айларда кәсіпкер қызға 20–50 мың теңгеден жіберіп отырған. Бірақ кейіннен мүлде төлем тоқтап, байланысқа шықпай қойған.

«Жауап жоқ, нақты дата жоқ» — автор

Жазбада қыз бірнеше ай бойы қоңырауларға жауап болмағанын, хабарламалары да оқылмайтынын айтады:

«Мен тіпті бөліп төлесін деп жағдайын түсініп отырдым. Енді мүлде жауап бермейді. Кем дегенде жартысын қайтарсын деп сұрадым».

Пост жариялана салысымен ондаған адам пікіріне қалдырып, сол кәсіпкердің өзіне де қарыз екенін айтты:

  • біреуіне 300 мың теңге бермей жүргенін;
  • екіншісіне 600 мың теңге қарыз екенін;
  • үшіншісі 9 миллион теңгесін қайтара алмай жүргенін жазған.

Бұрын оның жанында жұмыс істегендер де жалақыларын бірнеше ай кешіктіріп төлегенін, кейде 3–5 мыңнан ғана беріп отырғанын көрсетті.

«400 млн қарызын жауып жүр» — кәсіпкерді ақтағандар бар

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі кәсіпкердің өмірін әлеуметтік желіден бақылап жүргенін айтып, оның қазір 400 миллион теңге қарызды өтеуге тырысып жүргенін, кейбір мүліктерін сатып, кофе нүктелерін жауып жатқанын айтты.

Threads әлеуметтік желісінен алынған скрин. 

Олардың айтуынша:

  • бір ғана офлайн нүктесі қалған,
  • жаттығу залына бартермен барады,
  • тіпті өзінің баспанасынан да айырылған болуы мүмкін.

«Қаржылық қиындықты түсінуге болады, бірақ жауапсыздық кешірілмейді» — желідегі реакция

Желідегі пікірлер екіге бөлінді. Бір бөлігі оған түсіністік танытуға шақырса, екінші топ борышкердің мінез-құлқын сынға алды:

«Өз ақшаңды күтудің өзі қорлық. Қанша жерден қиналса да, хабарласуға болады ғой…»

«Егер көп адамға қарыз болса — онда бәріне түсіндіріп шығуы керек. Жауапсыздық — бұл құрметсіздік».

Кейбірі тіпті сотқа беруге, атқару парағын алуға, оның бизнесіне бойкот жариялауға шақырды.

«Кофе аппаратын сатып алғанмын» — автор оқиғаны нақтылады

Жазба иесі кәсіпкерге ақша қарызға бермегенін, бұл — тек қайтарылмаған тауардың төлемі екенін түсіндірді:

«Мен оған қарыз бермедім. Кофе аппарат сатып алғанмын. Ол дайын болмаған соң ақшамды қайтаруын сұрадым. Қазір өзім-ақ төлем кестесін жеңілдетіп отырмын, бірақ ол тіпті соны да орындамайды».

Кейбір қолданушылар құқықтық кеңес берді

Жазбаның астында заңгерлік кеңес сұрап жазғандар көп болды:

сотқа шағым беру

есепшоттарына арест қою

мүліктен өндіру

пайызбен өсімпұл қосу

Кейбірі ұжымдық шағым да ұсынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу