Алматылық аула тазалаушылар

Айшолпан КЕРІМ

  • 10.04.2021

Таңмен таласа тұрып, іске кірісетіндердің бірі – Алматылық аула тазалаушылар. Malim.kz тілшісі Айшолпан Керім ерте тұрып, сіз бен біздің тұратын жеріміздің «тазалық сақшыларымен» сөйлесіп көрді.

Сапаржан, зейнеткер

Осы Бостандық ауданының тұрғынымын. Екі балам бар, қазір әрқайсы өзінше өмір сүреді. Аула тазалаушы болып жұмысқа тұрғаныма бес жыл болды. Бір жылдан бері жалғызбын, кемпірім қайтыс болды. Кешке дейін бәрібір телевизор көріп, анда санда балконға шығып, темекі шегумен өтер еді күніміз. Құр қарап отырғаннан жақсы ғой, тазаласам, өз аулам, өзім тұратын жер. Таңертең алты жарымда шығып, 10-ға дейін бес үйдің ауласын тазалаймын. Айлығым 45 мың, зейнетпұлым бар, айына бір-екі рет тауық етін, қазы алып жеуге жетеді. (күліп)

Сапаржан - malim

Жұмысымыз оңай демеймін, қазір бәрі шетінен сауатты, жерде қоқыс көрсе, суретке түсіріп, желіге жүктей салады. Бірақ аула тазалығын айтып,  шағымданатын тұрғындарды да түсінуге болады. Өз басым бәрі тазалықшыға байланысты деп есептеймін. Бес күндік жұмыс қой, бірақ аптаның екі күнінде барынша күш салып, ауланы мұнтаздай етіп кетсең, қалған үш күнінде жұмысты демалып жүріп істеуге болады. Жас тазалықшылар олай істесін бе? Олар ерінеді, сыпыртқысын әрі-бері сермейді де бітіреді.

Сапаржан - malim

Гүлнар

Бұған дейін маргарин зауытында істейтінмін. Қызым бар. 3-4 аула тазалап алатын айлығым қырық мың теңге. Ол ештеңеге жетпейді, қосымша елдің ауласын, кейде үйін тазалап ақша табамын.

Гүлнар - malim

Қыстыгүні, күзде жұмыс қиындай түседі. Күзде ауланы дұрыс тазаламасаң, көктемде өзің қиналып қаласың. Аула тазалаушы болып жүргеніме он бес жылдан асты ғой, міндетсінбей, бәрін өзім үшін істеймін. Жастар, өкінішке қарай, ұяла ма екен, өтірік-өтірік істеп кетеді. Бірақ екеуміздің де алатын ақшамыз бір. Менің аумағыма кіретін тап-таза алаңдарды көріп, көршілес тұратындар «Біздің ауланы неге тазаламайсыңдар?» деп ренжиді. Олардың тазалықшысы басқа біреу екенін, айына бір рет келетінін қайдан білсін?...

Өзім осы төңіректе тұратын болған соң да айналаны таза ұстағым келеді. Таңертең балконға шығып, мұнтаздай аулаға қарап, көзің рахаттанып қалады ғой. Бірақ аула тазалаушы болып істейтіндердің көбі үй-күйі жоқ, қаланың сыртында тұратындар мен Өзбекстан азаматтары. Ақша жинап, ауылына қайтады. Былтыр карантин болғалы, олардың қарасы азайды.

Наталья, 45 жаста

Адамдар мүлде сыйламайды, еңбекті бағаламайды. Аулаға шыға салып, қоқысын тастап кетеді, балконнан зу еткізіп, лақтыра салады. Кейде ол келіп басыңа түседі. Қанша рет айыппұл салынғанын да көрдік, ондай адамдар азаяр емес.

Наталья - malim

Бұрын асханада ыдыс жуушы болып, аспаз көмекшісі болып істедім. Тұрмыс құрған соң, баламен үйде отырдым. Артынша жолдасым қайтыс болды. Балаларды асырау керек, ақша керек. Балаларым кішкентай, бірін мектепке апарып, екіншісін алып қайту керек. Сол үшін де осы жұмыс ыңғайлы, қалаған кезде жүгіріп, мектепке кетемін, қайтып келіп, қайта сыпыртқымды ала жүгіремін.

Таңертең ертемен 6.30 шамасында жұмысқа кірісемін. 4 үйдің ауласын тазалап, 35 мың теңге аламын. Екі баланы асырауға жепейді ғой, сол үшін қосымша басқа жерлерді тазалаймын. Үйтіп-бүйтіп айлықты 70 мыңға жеткіземіз. Үлкенімнің жасы он сегізде, шәкіртақысы бар, көше тазалаудан ұялмайды, қолдан келсе, көмектесіп те тұрады.

Карантиннің кезінде қала тып-тыныш болса да, дәрігерлермен қатар біз де жұмыс істедік. Айлығымыз да артпады, 42500 теңгесін де бермеді, солай ол дәуірден де өттік.

Байланысты жаналықтар

Алматыда жолды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

16.08.2023

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

16.03.2023

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

20.01.2023

Тозған Алматы. Тоқаев сынады, Досаев - кінәлі

16.11.2022

«Бұл сұрақтың маған қатысы жоқ». Байбектің трамвайы, Тоқаевтың сыны, Досаевтың жоспары

10.10.2022

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

07.09.2022
MalimBlocks
Алматыда жолды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

Алматыда орташа жөндеу қажет ететін 230 көшеге 20 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл жөнінде Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты.

Қазақ әнін менсінбейтін мейрамхана қателігін мойындады

Алматылықтар байкот жариялаған

Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Тозған Алматы. Тоқаев сынады, Досаев - кінәлі

Әлеуметтік нысандар жетіспейді

«Бұл сұрақтың маған қатысы жоқ». Байбектің трамвайы, Тоқаевтың сыны, Досаевтың жоспары

Қасым-Жомарт Тоқаевтың трамвай туралы сөзі шетелде жүрген Бауыржан Байбектің үстінен іс қозғалады екен деген дақпыртқа май құя түсті.

Алматыдағы өртті кім қойғаны белгілі болды

Ол от жаққанын мойындады