Алмаз Шарман: Бәрібір вакцина салдырған дұрыс

Malim Админ

  • 17.09.2020

Дәрігер Алмаз Шарман күзгі маусымда тұмаудан қорғайтын вакцинаны салдыру керек деп есептейді. Өйткені күзде қос эпидемия қабаттасып, қатар жүруі мүмкін.

– Тұмау маусымы басталғанда қос эпидемия: коронаввирус пен тұмау қатар жүруі мүмкін. Оңтүстік жарты шардағы елдер – Чили, Аргентина, Австралия мен Оңтүстік Афирикада қыс бітіп, көктем басталды. Ал бізде керісінше, күз түсіп жатыр. Міне, қатаң карантин шараларын сақтаған елдерде тұмау мен коронавирусқа шалдыққандар аз болды. Ал қатаң карантинді сақтамаған елдерде керісінше індет өршіді. Екі инфекция қабаттаса, бұл науқастың жағдайын қиындатады. Әрі дәрігерлердің де жұмысы да қиындайды. Өйткені мұндай науқастарды қалай емдеу керек деген сұрақ туындайды. Сондықтан тұмауға қарсы вакцина салдырған дұрыс.

Біріншіден, бұл бізді екі инфекциядан да қорғайды. Әлбетте, вакцина тұмаудан толық қорғамайды, бірақ ауру симптомдарын жеңілдетеді. Әрі дәрігерлерге де осының арқасында коронавирусты тұмаудан ажырату оңай болмақ.  Өйткені екі вирусты емдеудің принциптері әртүрлі. Бразилия тәжірибесі тұмауға қарсы вакцина коронавирустың өтуін 20 пайызға жеңілдететінін көрсетті. Ковид тұмаудан ауыр, одан қайтыс болу көрсеткіші 10 есе жоғары. Тұмауға қарсы вакцина коронавирустың өтуін жеңілдетеді.

– Адамдар тұмауды коронавирусты өз бетінше ажырата ала ма?

– Оны қарапайым адам түгіл, дәрігерлерге ажырату қиын. Өйткені белгілері өте ұқсас. Ковид тұмауға қарағанда ауыр, оттегі жетіспеуі мүмкін. Сондықтан уақытында дәрігерге қаралып, тестілеуден өту керек. Өйткені ковид асқынып кетсе, гормоналды, басқа да күрделі препараттар қолданылады. Тұмауда емдегенде оларды қолдану қажет емес. Ең бастысы, адам өзін-өзі емдемей, ауыр антибиотиктер ішпей, дәрігерге қаралуы керек.

 

Байланысты жаналықтар

Дәрігер болжамы: Қарашада коронавирус өршиді

21.08.2020
MalimBlocks
Дәрігер болжамы: Қарашада коронавирус өршиді