Алтын алқа мен батыр аналардың жәрдем ақысы көбейеді.

  • 27.04.2023

 

Қазіргі таңда алты не жеті бала туған, тәрбиелеп отырған аналардың алып отырған жәрдемақылары бірдей.

2023 жылдың бірінші шілдесінен бастап республикалық бюджеттен көп балалы аналарға, яғни «Алтын алқа», «батыр ана» атағын алған аналарға, 7 не одан да көп бала өсіріп отырған аналарға, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені бар аналарға берілетін жәрдемақы-25530 теңгеге өседі. Бұл тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексімен көзделіп отыр.

ҚР Әлеуметтік Кодексіне Мемлекет басшысы қол қойып, тоғыз заңмен шоғырландырып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген. Кодекс азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды қамсыздандырып, құқықтық негіздерін нығайтып, азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың атаулылығын жақсартып, күшейтуге бағытталған.

Әлеуметтік кодекстің іске асырылуы – әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің кезеңдермен халықаралық стандарттар деңгейіне келтіруге, халықтың проактивті форматпен мемлекет ұсынған шараларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамту үшін көмектің белсенділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете алады.

«Күміс алқа», Алтын алқа» алқасымен марапатталған сондай-ақ, бұрын «Батыр Ана» атағын алып I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мараптатталған аналарға – «Наградталған ана» деген ұғым енгізілетін болады.

Наградталған аналар үшін төленетін жәрдемақының мөлшерін ҚР Әлеуметтік кодексімен саралау қарастырылып отыр. Наградталған аналар үшін берілетін жәрдемақы мөлшері 2023 жылдың бірінші шілдесінен бастап-25 530 теңгеге өсетін болады және бұл жәрдемақы саны 90 мыңға жуық аналарды қамтиды.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: