Ана мен бала денсаулығын қорғау: Өңірлердегі зерттеу қорытындылары

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелерін және ана мен бала өлімінің проблемаларын қарады.
Ұлттық комиссияның сараптамалық мониторингтік тобы өңірлерге барып, осы мәселелердің жай-күйін егжей-тегжейлі зерделеп, өз бағалары мен ұсынымдарын ұсынды.
Ұлттық комиссия отырысына сарапшылар қауымдастығының өкілдері, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Отырысқа қатысушылар алдында ұлттық комиссия төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева ана мен бала денсаулығын қорғау - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы екенін атап өтті. Бұл мәселенің жалпыұлттық маңызы бар және мемлекет іске асырып жатқан әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралар кешенін тиімді үйлестіруді талап етеді.
«Ана мен баланы қорғау мәселелері жоғары өзектілігін сақтап отырғанын» айтты.
«Жергілікті жерлерде инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту, тәуекел топтарының хабардар болуы, уәкілетті органдардың жауапкершілігін арттыру талап етіледі.
Ана мен бала өлімінің алдын алу кешенін қалыптастыруға жаңа тәсілдер енгізу, осы мәселелерді зерттеуге қоғамдық ұйымдардың ресурстарын, ғалымдар мен сарапшыларды белсенді тарту маңызды. Жүктілікті жүргізу және ананы қолдап отыру процестерінде тәуекелдерді анықтау және алдын алу жүйесін жетілдіру қажет».
Өңірлердегі мониторингтік сараптама тобының жұмысын сенатор Ләззат Сүлеймен басқарды.
Ұлттық комиссия отырысында сөз сөйлеген ол босанатын әйелдер мен жаңа туған нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің өсуінің негізгі тенденцияларын атап өтті. Сенатор өңірлердегі перзентханаларға, перинаталдық орталықтарға барып, қатардағы дәрігерлермен және босанатын әйелдердің өздерімен тікелей байланыс жасау барысында осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген сарапшылардың жұмысына тоқталды.
Акушерлік, гинекология және перинатология саласындағы сарапшы Зәуреш Аманжолова амбулаториялық және стационарлық көмектің оң және кейбір проблемалық мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар аурулары кафедрасының профессоры, неонатолог Нишанкүл Божбанбаева нәрестелер өлімін төмендету бойынша нақты ұсыныстар жасады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ағымдағы жағдай мен осы саладағы жұмыс жүйесін жетілдіру шаралары туралы баяндады.
Айтылған баяндамалар мен пікірлерді ескере отырып, отырысқа қатысушылар ана мен баланы қорғау саясатын қайта жүктеу, орталық және өңірлік деңгейлерде қабылданатын шараларды жетілдіру қажеттілігі туралы бірыңғай пікір білдірді.
Ұлттық комиссия басшысы денсаулық сақтау министрлігіне сарапшылар айтқан ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді тапсырды.
Ана мен бала өлімін азайту жөніндегі республикалық және жергілікті штабтардың жұмысын жандандыру қажеттігі айтылды, оны денсаулық сақтау министрі мен өңірлердің әкімдері басқаруға тиіс екені айтылды.
А.Балаева шалғай елді мекендерде босанатын әйелдер үшін қолайлы ортамен тиімді инфрақұрылым құру қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардағы медициналық персонал тапшылығы мәселесін медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін мақсатты бөлу арқылы шешу міндеті қойылды.
Дәрігерлердің кәсіби өсуі үшін жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығы және оның босандыру кезіндегі дәрігерлік қателіктердің қаупін азайтуға әсері ерекше атап өтілді.
Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, нақты шығындарды ескере отырып, босандыру қызметтеріне тарифтерді арттыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.
Ұлттық комиссияға өңірлік деңгейде ана мен баланы қорғау саласындағы егжей-тегжейлі мониторингті жалғастыру және белгіленген міндеттерді шешу барысына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тапсырылды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.