«Аполло»рентген аппараты Шымкентте ғана бар

  • 04.05.2021

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап шыққан сенаторлар №2 қалалық ауруханаға арнайы барып көрді. Былтыр тамыз айында осы ауруханадада жөндеу жұмыстары басталғанда сенаторлар құрылыс барысын көріп кеткен еді. Енді міне, сол жұмыстан кейінге аурухана тынысымен танысуға келген беттері. Олардың алдында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қысылмай сөйледі. Ол

Шымкентте ашылған инсульт орталығы осы №2 қалалық ауруханаға қарайтынын, ал жүрек-қан тамырлары ауруларын дер кезінде, еш қиындықсыз анықтайтын ангиограф аппараты Қазақстан бойынша тек осы ауруханада бар екенін айтып өтті.

–Ангиограф – соңғы заманауи аппарат. Бағасы да қымбат, 800 миллион тұратын құрылғы күн сайын қаншама шымкенттіктің өмірін инсульттан сақтап қалуда. Әр түрлі позицияда түсіретін «Аполло»рентген аппараты да еліміз бойынша бізде ғана бар. Бұл құрылғылардың бәрі де мемлекеттің медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша тегін қызмет көрсетеді, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

 Өз кезегінде сенаторлар Шымкент қаласында атқаралып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

–Қаладағы екінші ауруханада былтыр тамыз айында болғанбыз. Ол кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Қазір толық іске қосылғанына көзіміз жетті. Көптеген медициналық аппараттары да жаңартылыпты. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы 3 жаңа заманауи аппарат: ангиограф, КТ, рентгенді бізге көрсетті. Инсульт орталығы халық денсаулығын жақсартуға, ауру-сырқаудың алдын алуға қызмет етіп жатыр. Мұның бәрі қала тұрғындарына ауадай қажет нәрсе деп есептейміз, - деді Нұрлан Бекназаров.

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін