Әуежайды «басып алу» ісіне үкім шықты

«Әуежайды басып алу ісі» бойынша бүгін 5 адамға Наурызбай аудандық сотында үкім шықты.

Malim Админ

  • 11.07.2023

Судья Марат Кәкімжанов журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздігі түзеу колониясына жіберу және сот залынан қамауға алу туралы шешім шығарса қалған  төртеуі Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтің әрқайсын 8 жылға бостандығынан айырып, орта қауіпсіздіктегі түзеу колониясына жіберу жөнінде үкім кесті.

Наурызбай аудандық соты алдына жүздеген адам сотталушылардың жақтастары, туыстары мен қоғам белсенділері жиналды.  Сот залына кіргендер айыпталушыларға бостандық сұрап ұрандатты.

Сот үкімінен кейін журналистерге сұқбат берген Әйгерім Тілеужан үкімге биыл қаңтарда парламентте есеп берген Қазақстан бас прокуроры Берік Асыловтың «әуежайды басып алушылар» қатарында өзін де атағаны себеп болғанын айтты.

Әйгерім Тілеужан мен оның адвокаты бұл мәселе бойынша Берік Асылов «кінәсіздік презумциясын бұзды» деп сотқа берген.

Үкім шығарылған тағы да үш адам сот үкімімен келіспейтінін, «Жаңа Қазақстан» соты әділетсіз өткенін айтты.

Айыптау қорытындысында Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайында наразы топтың алдында «билікке қарсы сөздер айтып, оларды заңсыз іс-әрекетке айдап салып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған» деп көрсетілген.

«Нұрпейісов әуежай ішіндегі жаппай тәртіпсіздікпен шектелмей, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) әскерінің келуіне жол бермеу үшін, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелік жабдыққа электр қуатын беретін «Қазаэронавигация» ғимаратын басып алмақ болған» деп жазылған тергеу материалында.

Қылмыстық іс бойынша, Алматы халықаралық әуежайы, «Қазаэронавигация» мен Qazaq Air, Air Astana, Fly Arystan және Scat әуекомпаниялары жәбірленуші деп танылған. Прокуратура айыпталушылардың әуежайдағы заңсыз іс-әрекетінің салдарынан әуекомпаниялар мен жеке кәсіпкерлер орасан зиян шеккен дейді. Тергеу материалдарында келген зиян көлемі 6,1 миллиард теңгеден асады деп жазылған. Оның негізгі бөлігі ірі әуекомпанияның әуежайдағы дүрбелең кесірінен жұмысы тоқтағандықтан алынбай қалған табысы деп көрсетілген. 

Фото ғаламтордан алынды

Байланысты жаналықтар

Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

01.08.2023

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

27.07.2023

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

20.07.2023

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

18.07.2023

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

13.07.2023

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

11.07.2023
MalimBlocks
Шымкентте Қаңтарда адамдарды атқандар жазаланған жоқ

Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болғандардың ата-аналары мен туыстары қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, балаларын атқан және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды талап етті,- деп хабарлайды Азаттық сайты.

«Шал кет» деп айғайлағаны үшін 9 ай жаза

Алматының №2 Бостандық аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты» (272-бап 2,3 бөліктері) деп айыпталған Әділет Мусинді кінәлі деп танып, 9 айға бас бостандығынан айырды.

Ұлттық қауыпсіздік комитетінің қызметкерлері сотталды

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптан өлген Алмас Мұқашевтың ісі бойынша ҰҚК-нің екі қызметкері сотталды.

Мәсімов терроризмді қаржыландырушы деп танылды

ҰҚК-інің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожинді терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалар тізіміне қосты,- деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің сайтында.

Қаза болған 4 жасар Айкөркемнің сотына әкесін кіргізбеді 

Қаңтар оқиғасында қайтыс болған 4 жасар Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеді,- деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге өтемақыны кім береді?

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалып, бірақ кінәсі дәлелденбей босатылған азаматтарға өтемақыны «залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.