Балық барымтасымен күрес

Malim Админ

  • 22.10.2020

Елімізде балық өсіру ісі жолға қойылған. Соңғы 7 жылда балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өскен. Бұл балық шаруашылығымен айналысатын мамандар мен балықты браконьерлерден қорғайтын инспекторлардың еңбегі. Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы бастап тұр. Еліміздегі балықтың 5 мың тоннасы (68,7%) осы аймаққа тиесілі. Ал Алматы облысы болса, 1000 тонна (12,8%) балық өндіреді. Қалған балық үлесін Солтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы еншілеген. Осы балық шаруашылғы дамып тұрған аймақтарымызда браконьерлер де тыным таппайды.

Күні кеше Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден 150 келіден астам балықты тәркіледі. Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан мен 11 қараша аралығында Түркістан облысының аумағында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасының өткізіліп жатқаны айтылған болатын. “Браконьер” жедел алдын алу шарасының сегіз күнінде Түркістан облысы полиция департаменті табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы саласында үш экологиялық қылмыс пен 159 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден барлығы 12 дана тіркелмеген қару, 152 келі заңсыз ауланған балық, екі қырғауыл, үш қайық пен 200 метрден астам балық аулауға арналған торлар тәркіленді. Мәселен, рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Келес ауылдық полициясы учаскелік инспекторларымен бірге Сырдария өзенінің жанындағы электрлі аудың көмегімен балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден электрлі тор, қайық пен балықтарды тәркіледі. Тәртіп сақшылары ер адамды балық аулаған заңсыз құралдарымен бірге аудандық полиция бөліміне жеткізді. Екі тәулік өткен соң Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері Шардара су қоймасының жағасында “Қытай торының” көмегімен заңсыз балық аулап жүрген тағы екі браконьерді ұстады. Олар Жетісай ауданының тұрғындары. Ұсталған азаматтардан тәртіп сақшылары заттай айғақ ретінде қайықты, 100 метр балық аулау торы мен 126 келі балықты тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жайттарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 159 жайтын анықтады. Оның ішінде 27-сі жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын бұзу, 40 балық аулау ережелерін бұзу, 80 қаруды сақтау тәртібін бұзу, үшеуі қаруды заңсыз сатып алу мен сақтау және тоғызы басқа да құқық бұзушылықтар бойынша анықталды. Сонымен қатар екі миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға браконьерлік пен табиғатты қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды бұзбауға шақырады.
сонымен қатар, балық өндіру шаруашылығы ойынша екінші орында тұрған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық аулаумен айналысқан күдікті ұсталды. Еңбекшіқазақ ауданында “Браконьер”  республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында табиғатты қорғау полициясы инспекторы Қапшағай балық инспекциясының қызметкерлерімен  бірге  Сарыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жыл бойы ұсақ тор көзді аудың көмегімен  балық аулауға тыйым салынған Іле – Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан. Тәртіп сақшылары күдіктіден 100 кг  жыланбас балық, сазан, ақ амур, дөңмаңдай және көксерке сияқты балықтарды тәркіледі.  Заңсыз әрекет Қылмыстық Кодекстің 335-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Алынған балық мемлекеттік қабылдау пунктіне тапсырылды.

Осы екі облысымызда ірі су қоймалары, өзен-көлдері бар. Балыққа да бай. Сонымен қоса, балық барымтасы да тыншымай тұр. Қазір табиғатты қорғау инспекторлары мен аймақтың полиция бөлімшелерінің тығыз жұмыс істеуімен браконьерлер жиі құрыққа түсетін болды.

Байланысты жаналықтар

«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

24.10.2024

Бурабай ұлттық паркінде елордалық броконьерлер ұсталды

22.09.2024

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

05.08.2024

Браконьерлерден 10 тонна балық тәркіленді

01.06.2024

Балық – браконьерлердің жемі

22.11.2020

Балықшылар неге ұры боп жүр?

30.10.2020
MalimBlocks
«Қызыл кітапқа» енген жануарларды аулаған браконьерлер ұсталды

Бурабай ұлттық паркінде елордалық броконьерлер ұсталды

Олардың көлігінен 122 келі тұқы табылған

Ақбөкендерді атумен айналысқан қарағандылық браконьерлер ұсталды

Олардан 328 мүйіз тәркіленген

Браконьерлерден 10 тонна балық тәркіленді

Оның 2 тоннасы бекіре

Балық – браконьерлердің жемі

Балықшылар неге ұры боп жүр?