Барлық азаматтар қоғамда өзін тәуелсіз сезінуі тиіс

  • 10.03.2023

 

Қоғамда ерекше күтімді қажет ететін адамдардың бар екенін білсек те, оларды қоғамдық орындарда, әр түрлі орталарда қабылдай алмай жатамыз. Оларды көрсек қорқыныш пен үрей, көңіліне келетін нәрселер жасап қоямыз ба деген сенімсіздіктер бойды билейтіні белгілі. Ол дегеніміз қоғамда ерекше күтімді және қарауды қажет ететін адамдармен қалай дұрыс байланыс орнату керектігін білмеуден туындайтын жағдайлар.

Президент Қасым-Жомат Тоқаев бүгінде елімізде 700 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін отбасылар барын, және елдегі қымбатшылықтың оларға да әсерін тигізіп жатқандығын ескере отырып, ерекше қажеттілігі бар адамдарға және олардың күтушілеріне де қолдау шараларын күшейту керектігін айтып өткен болатын.

Елімізде денсаулығында кемістіктері бар, ақыл ойы мен психикасы тежелген, кеш дамуына байланысты ерекше күтімді қажет ететін балалар жоқ емес. Өмір болған соң бәрі болады деп қарап отыруға болмайды, олардың да қоғамның бір мүшесі екенін ешқашан естен шығармауға тиіспіз. Дегенмен, әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оларға сапалы білім мен тәрбие беру талаптары бар. Мемлекет тарапынан оларға инклюзивті білім беру және мектептерде арнайы сыныптар ашылған.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалар сияқты білім алу құқығы. Ол оның нәсіліне не шығу тегіне қарамастан білім алуына мүмкіндік береді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға дүниетанымдарын кеңейтуге, тілдерінің дұрыс шығу мен сөйлеуін қалыптастыруға көмектесетін бірқатар әдістемелер қолданылады. Бұл тек педагогикалық жұмыспен ғана емес, мамандармен – логопедпен, психологпен, дәрігерлермен тығыз байланыс арқылы жүзеге асады.

Десек те, әлі күнге дейін елімізде ерекше қолдау мен күтімді қажет ететін жандар үшін толыққанды жағдай жасалған деп айта алмаймыз. Мысалы, қоғамдық ғимараттар, көліктер мен байланыс құралдары олардың жүріп-тұруы мен қоғамға араласуына мүмкіндіктер аз. Бұл жағдайлар оларды қоғамның кемсітуімен есептеледі. Баратын жерлері мен жүріп тұруларында да қиыншылықтар кездеспей тұрмайды. Мысалы синхронды дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, қоғамдық орындардағы арнайы лифттер, арнайы нұсқағыштар мен белгілер көбіне орталық көшелерде ғана орналастырылған, үлкен көшелерді қиып өтуге мүмкіндік жоқтың қасы. Ал, қаланың шет жағындағы жағдай мүлде бөлек, көше ортасындағы көпірлерде ерекше қорғаудағы адамдарға лифт бар деген аты ғана болмаса оның есігі салынғалы ашылмаған, жабық немесе оның терезелері мен есіктерін бұзақылар сындырған. Бұл қоғамдағы мәдениетсіздік пен ерекше күтімдегі адамдарды кемсітудің тағы бір көрсеткіші. Қоғамдық көлік дегенді мүлде пайдалана алмайды, себебі, қаламыздағы қоғамдық көлікке ерекше күтімдегі адам емес сау адам әзер кіреді, себебі орын жетпейді, кіргеннен соң кептеліп, қысылысып тұруыңа тура келеді.

Ал, есту және көру қабылеттері төмен мүгедектерге арналған арнайы ақпараттық бағдарламалар қарастылмаған, кітапханаларда қаріптерге арналған кітаптар мен әдебиеттер қамтамасыз етілмеген. Тым болмаса демалыс орындарында, саябақтарда жағдай қарастырылмаған. Бос уақыттарында үйде оқшауланып отырып қалады, себебі тұрғын үйлерде мүгедектер арбасын түсіріп-көтеруге арналған арнайы жетел саты мен пандустер жоқ. Олар өз бетімен дәріханаға, аулаға аурухана не дүкенге баруғада жағдай жасалмағаны жайлы жиі мәселе көтеріліп келеді.

Президенттің өзі бас болып, бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алып, назар аударып жатуы көптеген жеткіліксіздіктердің кесірінен қоғамнан шетте қалып жатқан жандарға жағдай жасалады деп сенеміз.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.