Білім беруді дамыту. Өңірлік жол картасы Астанадан басталады

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңірі бойынша 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын әзірлеп жатыр. Білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған алғашқы құжатқа Астана қаласының әкімдігі қол қойды.

  • 17.02.2023

 

Қазақстанда ең көп реформа жасалған, ең көп өзгеріске ұшыраған сала – білім беру саласы. Қоғам тарапынан, белсенділер тарапынан да көп мәрте сынға ұшыраған бұл салаға соңғы жылдары билік пен Парламент те жиі сөз қылды, сынға алды, қателіктерді түзетуді тапсырды. Тіпті, бұл мәселе үкіметтің өзінде де жиі талқыға түсті. Ақыры бұл тараптағы қаптал шаруалар «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданғаннан кейін қолға алына бастады. Министрлік екіге бөлінді, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысын жандандыру, орта білімнің сапасын көтеру туралы президент тапсырмасынан кейін Оқу-ағарту министрлігі өзінше бөлек отау көтеріп, бөлек шықты. Ендігі міндет – бұған дейін қабылданған бағдарламаларды одан әрмен дамыту түсу.

Қазір президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанның барлық өңірі бойынша 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың Жол картасын әзірлеп жытыр. Жоба білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және оны одан әрі дамытуға бағытталған. Бұл жол картасына қатысты қабылданған алғашқы құжатқа Астана қаласының әкімдігі қол қойды. Осыған қатысты өткен жиында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің жоспары бойынша елордада толық күндік топтары бар балабақшалар ашыла бастайды. Астана қаласында балабақша мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезек өте көп. Осыған байланысты көптігіне байланысты 39 мыңға жуық орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, 2200 орынға арналған 22 шағын орталық ашу жоспарланыпты. Астана әкімі мектеп құрылысының сапасына ерекше мән беретіндерін айтады.

«Мектеп құрылысына ерекше көңіл бөлеміз. Биылғы жылы 24 жайлы мектепті жобалау басталды. Жаңа үлгідегі мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа оқу жылында 13 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған шаралар үш ауысымды және тығыз мектептер санын азайтады», - деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Иә, Қазақстанда халық тығыз ораналасқан қалаларда үш ауысымды мектеп мәселесі қаншама жылдан бері айтылып келеді. Бірақ, қала мен қала маңына қоныс аударушылар легі толастар емес. Бұл урбанизация заңы, заман талабы. Ешкімге ауылда қал, қаладан алыста тұр деп міндет қоя алмайтынымыз ақиқат. Соның әсерінен жылына қанша мектеп салынса да тұрғындардың жаңа легін игере алмайды, үш ауысымды мектеп мәселесін шешудің негізгі қиындығы осыдан туындап отыр. Бірақ, сан ғана емес сапа да маңызды. Әйтеуір жаңа мектеп ашу керек екен деп асығыстыққа ұрынбаған мақұл. Бұл жағынан Астана қаласы әкімдігінің жаңа үлгідегі мектеп салу, жайлы мектеп қалыптастыру жобасы құптарлық. Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне және білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтуға баса назар аудару керек екенін айты.

«Тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырысты 2026 жылға дейін 15,5 мың орынға дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ 6950 маман кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқып, 100% жұмысқа орналастырылады. Колледж студенттерінің стипендиясын 50%-ға арттыру бойынша шаралар қабылдануда», - дейді министр.

Техникалық және кәсіптік білім беруді арттыру – президенттің соңғы жолдауларында көтеріліп жүрген мәселе. Техникалық мамандықтарды тартымды ету, сапасын көтеру мәселесі – бұл тарапқа оқушыларды қызықтырудан басталады. Жатақханамен ақмтамасыз ету бұрыннан қалыптасқан деуге болады, бірақ, көпшілік бұл мамандықтарға екінші сортты оқу ретінде қарап келгені жасырын емес. Оның себебі – қоғамдық түсініктен шығады. Және кәсіптік білім беру орталықтарының жаңа заманға бейімделе алмауы деуге болады. Оның үстіне, мемлекеттік грант негізінде оқығанына қарамастан, шәкіртақы мәселесі де күн тәртібінде тұрған. Шәкіртақы жақсы оқыған, үлгерімі жоғары оқушыларға берілетінін ескерсек, министр айтқан шәкірақы көтеру туралы бастама оқушыларға үлкен мотивация деуге болады.

Одан бөлек оқытушылар мен мұғалімдердің кәсібилігі. Алдағы уақытта 800-ге жуық оқытушы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Келесі жылы Астананың барлық мектептері білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне және PISA-ның жыл сайынғы зерттеуіне қатысатын болады. Оның қорытындысы аясында білім беру сапасын арттыру бойынша нақты ұсынымдар берілмек.

Әкім мен министр қатысқан отырыста оқушыларды тамақтандыру мәселесі де көтерілді. Бұл да сапалы білім беруге арналған ұлттық жобаның басты бағыты. Бүгінгі таңда Министрлік оқушыларды тамақтандырудың Ұлттық бағдарламасының жобасын әзірлеуде. Астана мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін «Цифрлық мектеп асханасы» пилоттық жобасын енгізу ұсынылады. Пилоттық жоба өзін ақтаса жақын болашақта, яғни, 2029 жылға дейінгі ұлттық жоба аясында Қазақстанның барлық мектептерінде осы бағытта жұмыстар атқарылып, тамақтандыру мәселесінде көлеңкелі мәселелер шешілуге тиіс.

Айта кету керек, аталған жол картасына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беруді дамыту, білім беру сапасын бағалау, инклюзивті білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар енгізілген.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.