Түркістан облысы әкімдігі Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жер үйде болған өрттен тірі қалғандар туралы мәлімет таратты деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымы.
Басылым алған мәліметтерге сүйенсек, емдеу мекемелеріне үш адам жеткізілген: олардың екеуі ересек адам.
Олардың бәрі де реанимация бөлімдерінде. Жағдайлары ауыр, бірақ қалыпты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені көрсетіліп жатыр, олар арнайы мамандардың ұдайы бақылауында, -
делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.