Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Сауд Арабиясына F-35 ұшақтарын сатуды жоспарлап отыр

Әлем
Трамп Сауд Арабиясына F-35 ұшақтарын сатуды жоспарлап отыр
Фото: Анадолу

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының АҚШ-тан F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алғысы келетінін және өзі Эр-Риядқа оларды сатуды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Иә, біз мұны жасаймыз, біз оларға F-35 сатамыз», – деді ол дүйсенбі күні Ақ үйде журналистерге.

Трамптың айтуынша, Сауд Арабиясы билігі бұл ұшақтарды сатып алуға мүдделі, ал ол бұл елді «тамаша одақтас» деп атады.

Бұған дейін саудиялық мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман сейсенбі күні Ақ үйде Трамппен кездесетіні хабарланған. Америкалық ресми тұлғалардың сөзінше, талқылаудың негізгі тақырыптары — F-35 бойынша ықтимал келісім және екіжақты қорғаныс жөніндегі келісім болмақ.

Сонымен қатар америкалық бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін Пентагон Қытай Сауд Арабиясы арқылы F-35 технологияларын иемденуге талпыныс жасауы мүмкін деп санайтынын жазған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу