Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

Аталған іс бойынша ертең алдын ала тыңдалым өтпек

Malim Админ

  • 20.04.2023

Назарбаевтың тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев әкесіне қарсы сотқа арыз жазды. Ол соттан әкесі мен оның бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваның некесін «жарамсыз» деп тануды сұраған.

Болат Назарбаев бұрын, бірнеше жыл қатарынан үш әйелге - Гүлжан, Майра және Гүлнұр Назарбаеваларға үйленді.

Гүлжан Назарбаева (бірінші заңды әйелі, 2020 жылы қайтыс болған). Гүлжан тірі кезінде Болат Назарбаев Майра Құрманғалиеваға үйленді (бұл 2001 жылы болған). 2009 жылы Экс-президенттің інісі, Гүлнұр Дүйсебаеваға үйленген еді.

Енді Нұрбол азаматтық соттан өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды сұрайды. Аталған іс бойынша ертең, яғни 21 сәуір күні алдын ала тыңдалым өтпек.

Ал осыдан бірнеше ай бұрын Болат Назарбаев бұрынғы әйелі Дүйсебаевамен некесін заңсыз деп тануды талап етіп, сотқа жүгінген. Алайда Дүйсебаева қарсы талап қойып соттан, бірлесіп сатып алған екі автокөліктен пайда және моральдық шығын мен балаларына алимент өндіру үшін 10 миллион теңге төлетуді сұрады. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырды. Бірақ олардың некелері Назарбаев бір мезгілде үш әйелге үйленсе де, заңды деп танылды.

Айта кетейік, Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, полиция полковнигі шеніне дейін көтерілген. Тіпті 2022 жылы Forbes журналы оны қазақстандық ең бай 50 бизнесменнің қатарына қосқан.

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

05.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды

05.05.2025
MalimBlocks
Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды