БҰҰ сарапшылары: Қытай түрмедегі мұсылмандардың іш-құрылысын күштеп алып жатыр

Malim Админ

  • 15.06.2021

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары Қытай түрмелеріндегі ұлттық және діни азшылықтардың ішкі құрылысын күштеп алып жатыр деген сенімді ақпараты бар екенін мәлімдеді.

БҰҰ сарапшылары өз мәлімдемесінде қамаудағы ұлттық, діни азшылық өкілдерінен келісімінсіз ішкі ағзасы мен қаны тексерілетінін жазады. "Қытайда органдарды күштеп алу қамаудағы белгілі бір ұлттық, діни азшылықтарға қарсы бағытталған, олар еш себебін түсіндірместен ұсталған".

БҰҰ сарапшыларының мәліметінше, ең көп алынатын органдар – жүрек, бауыр, бүйрек, көздің қасаң қабығы. Бұл шаралар тыйым салынған Фалуньгун, тибеттіктер, ұйғырлар, мұсылмандар мен христиандарға қарсы қолданылады.

БҰҰ-ның арнайы өкілі мен заңсыз қамауға алу жөніндегі жұмыс тобы бұл мәлімдемелерді "алаңдатарлық" деп бағалады.

БҰҰ бұл мәселені 2006 және 2007 жылдары да көтерген. "Органдарды ерікті түрде беру жүйесі дамып жатқанына қарамастан, Қытайда трансплантациялауға органдарды сатып алуда адам құқықтары өрескел бұзылатыны жайлы ақпарат шығып жатыр. Түрмедегілер донор болуға немесе органдарын беруге шын мәнінде келісім беріп жатқан-жатпағанын қадағалайтын тәуелсіз бақылаудың жоқтығы алаңдатады. Сондай-ақ ұсталғандар мен қамалғандардың туыстарына олардың денелері талап етуге рұқсат етілмейді деген ақпарат бар", - делінген мәлімдемеде.

Женевадағы Қытай үкіметінің өкілі бұл ақпаратты терістеп, ҰҰ сарапшыларына тыйым салынған сепаратистік ұйымдар жалған ақпарат бергенін мәлімдеді.

Фото: Reuters

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.