Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

Malim Админ

  • 08.07.2021

Денсаулық сақтау министрлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жауап бере алмайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Malim.kz  тілшісінің «Бұрынғы мемлекет басшысының Ресей дәрігерлеріне жүгінуі қазақстандық дәрігерлерге деген сенімсіздікті көрсете ме?» деген сауалына нақты жауап бере алмады.

«Сіз бұл сұрақты президенттің іс басқармасына қарасты ауруханаға қойсаңыз болатын шығар. Былтыр 2 шілде күні көмек ретінде 30 ресейлік маман Қазақстанға келген. Олар Қазақстан бойынша біздің әріптестерімізбен жұмыс істеген.  Біздің дәрігерлердің деңгейін жоғары бағалап кеткен. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, қандай әдістер (емдеудің), әсіресе індетпен қалай күресу керектігі белгісіз болғандықтан, бұл жұмыс маңызды болды деп санаймын... Мен бұл мәліметті (Қазақстан дәрігерлеріне сенімсіздік білдіру мәселесін) нақты айта алмаймын, не растай алмаймын, не  теріске шығара алмаймын.  Жоғары басшылықты емдеу мәселесі президенттің іс басқармасы жанындағы аурухананың құзыретінде»,- деді Шоранов.

Жақында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жасаған сапарында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, коронавирус кезінде ресейлік дәрігерлерден ем алғанын айтқан.

«Шын жүректен Қазақстанды пандемия кезінде қолдаған Ресей тарапына алғыс білдіргім келеді. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігер он күн қасымда болды. Оны ешқашанда ұмытпаймын. Бұл өмірімдегі шешуші ем-дом алған кез еді. Мен оны ұмытпаймын», деген Нұрсұлтан Назарбаев.


 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы үш уақыт белдеуі

17.03.2023

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

15.03.2023

Шыққанына 20 жылдан асқан. Қазақстандағы әрбір екінші көлік ескірген

14.03.2023

Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

06.03.2023

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

28.02.2023

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

21.02.2023
MalimBlocks
Қазақстандағы үш уақыт белдеуі

Бүгінгі ұрпақтың кінәсі жоқ

Сергей Гайдай Қазақстанға елші болып келуі мүмкін

Бұған Путин қалай қарайды?

Шыққанына 20 жылдан асқан. Қазақстандағы әрбір екінші көлік ескірген

Бұл тек ресми тіркелгендері ғана

Ресей Қазақстан арқылы микрочип тасып жатыр  

Ресейге құны 3,7 миллион доллар болатын микрочип сатқан

Масыл болмай, асыл болудың жолы   

Бәрі өздігінен келе қалса деген түсініктен арылатын уақыт жетті

Оралды Ресейге беру қылмыс емес екен

Сот сараптамасы  осындай шешім шығарды