Депутат Жаңбыршин атом энергиясы бойынша Франция өкілімен кездесті

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бүгін Францияның Атом энергиясы жөніндегі өңірлік кеңесшісі Александр Горбачевпен жүздесіпті.

  • 31.05.2023

Мәжіліс таратқан ақпаратқа қарғанда, кездесуде әңгіме Қазақстанда қолға алынған тиімді энергия саясаты, жасыл экономика қағидаттарын іске асыру болған. Яғни, атом энергетикасы және баламалы энергия көздерін дамыту жолында Атом станциясын салу талқыланған. Жалпы, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат тұтқан.  Баламалы энергетиканы дамыту, оның ішінде атом энергиясын пайдалану мүмкіндігін зерттеуге президенттің арнайы тапсырмасы шыққан.

Оның үстіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр  Францияға ресми сапарлап барғанында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастық декларациясына қол қойған.

 «Атом энергиясы еліміз үшін маңызды, бірақ қандай технология қолданамыз және радиоактивті қалдықтардың әсерін қалай азайтамыз деген сұрақтар бар» депті Еділ Жаңбыршин  комитет төрағасы әлгі жиында. Франция өкілі А. Горбачев болса,    бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін, Францияның атом энергетикасын дамытудағы жеткілікті тәжірибесін алға тартыпты.  Жалпы, елімізде Атом электр станциясын салу қызу талқыланып жатқан тақырып. Былтыр Қазақстанның Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық, «KEGOC"»АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» өкілдері арнайы Францияға барып, олардың тәжірибесімен танысып қайтқан еді.

Жалпы, бүгінгі таңда әлемде АЭС салудағы жетістігі мен қуатты реакторлық технологиялары бар төрт ел көш басында тұр. Олар кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Росатом» және француздық EDF. Қазақстан осы елдердің тәжірибесін зерттеп көрген соң, өзіне қолайлысына таңдау жасамақ.

Байланысты жаналықтар

Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

08.01.2025

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

03.01.2025

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

03.12.2024

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

07.11.2024

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

08.10.2024

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024
MalimBlocks
Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек - Тоқаев

Қазақстанда екінші және үшінші АЭС салынуы мүмкін

Бұл туралы президент Ana tili газетіне берген сұхбатында айтты

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар

Лавров: Ресей Қазақстанда АЭС салатын халықаралық консорциум жұмысына атсалысуға ниетті

«Росатом» бұл мәселені шешуге қажетті өз құзыретін ұсынуға толығымен дайын», – деді ол.

АЭС-ті Ресей салған жағдайдағы саяси тәуекелдер. Скляр не деді?

Шартта санкциялық келісім қарастырылатын болады

Референдумда халықтың 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487