Екібастұз тұрғындары әлі жылусыз отыр
17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысанға жылу берілмеген

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.
Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі», - делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.
Президент Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Исполнилось три года со дня трагических событий в Кордае
6 февраля в мечети «Дін Ислам» в селе Сортобе глава региона Нуржан Нуржигитов принял участие в церемонии, посвященной памяти погибших в ходе массовых беспорядков. В селе Сортобе и сегодня, 7 февраля, провели поминальный обед, на котором присутствовали жители всех соседних сел.