Екпе төңірегіндегі дау: Қазақстанда вакцина тапшы ма?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 06.05.2021

Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы төңірегіндегі дау басылмай тұр. Бастапқыда екпенің бірінші және екінші дозасын салу интервалы 21 күн деп бекітілген. Бірақ жақында шыққан жаңа қаулыда ол 45 күнге дейін ұзартылды.

Медицина ғылымдарының кандидаты Қайырғали Көнеев вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы үзілісті ұзарту дұрыс емес деп есептейді. Оның сөзінше, бұл вакцина алған адамның иммунитетінің тұрақсыз болып қалуына алып келуі мүмкін.

«Вакцина шығарушының нұсқаулығында 21 күн деп жазылып тұр. Сол себепті осы уақыт интервалын сақтау қажет. Өйтпеген жағдайда (вакцина – ред) адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және иммунитет тұрақсыз болып қалуы мүмкін», - дейді Көнеев.

Қайырғали Көнеев пікірінше, денсаулық сақтау министрлігі «Спутник-V» екпесінің жетіспеуінен бірінші және екінші доза арасындағы үзілісті ұзартуға мәжбүр болған.

«Қазір халық негізінен Қарағандыда өндіріліп жатқан «Спутник-V» вакцинасын алып жатыр. Менің ойымша, олар екпе шығарып үлгермей жатыр. Сондықтан осындай мәселе туындап жатыр», - дейді ол.

Ресейдің "Спутник-V" вакцинасын Қазақстанда (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы) бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі  Қарағанды фармацефтикалық кешені өндіреді.  Оған бюджеттен 15 миллиард 170 миллион теңге қаржы бөлінген.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыны түсіндірген кезде «елде вакцина тапшылығы жоқ» деп мәлімдеген.

Қазақстанда жаппай вакцинация науқаны ақпан айында басталған. Осы уақытқа дейін екпені халықтың небәрі 2,1 пайызы (400,7 мың адам) алған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы екпе салу баяу жүріп жатқанын айтып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынаған. Кейіннен Цой «сәуір айында 2 миллион адам вакцина алады» деп мәлімдеген. Бірақ ол уәдесінде тұра алмады. 4 мамырдағы дерек бойынша, вакцинаның бірінші компонентін 1 422 204 адам алса, екінші дозасын тек 347 774 адам алған. Вакцинаның екі компонентін алған адам ғана егілген деп саналады.

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды