Елордалық прокуратура жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізді

Астана қаласы прокурорының орынбасары А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті.

Malim Админ

  • 17.08.2023

Қауіпсіз қала  қауіпсіз жолдан басталады. Қала әкімдігінің басшылығы, полиция департаменті өкілдері, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етушілер қатысқан кеңесте талқыланған негізгі мәселенің бәрі осы сөзге келіп тірелді. Жол қауіпсіздігі жақсармай, қауіпсіз қала орнамайды.

Биыл жол-көлік оқиғасының жалпы санының төмендеуіне қарамастан, зардап шеккендердің саны артқаны айтылды. Жол көлік оқиғасының салдарынан 123 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапқан.

Прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында «Автомобиль» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп келеді. Бұл жұмыстың мақсаты құқық бұзушылықтарды анықтау және жүргізушілер мен жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде жол жүру ережесін 9 397 бұзушылық анықталған. Құқық бұзушылар  әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қауіпсіздік ережесін сақтамайтын жүргізушілерді жіліктеп қарасақ, қауіпсіздік белдіктерін тартып жүрмейтін  – 1234, көлік тізгіндеп келе жатып,  ұялы телефон пайдаланғаны үшін - 228 жүргізуші айыппұлға жығылған.  Құжаттары жоқ немесе куәлігі жоқ адамның көлігін айдан жүрген   214 адам ұсталған. Ішімідік ішіп алып, көлікті тізгіндейтіндерге жазаң қатайғанымен, осы талапты пысқырмай, басқа адамдардың өмірін қауіпке байлайтындар өкінішке орай, әлі де бар екен. Мәселен, мас күйінде көлік айдағаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. 

Жол оқиғасын көлік жүргізушілері ғана бұзбайтыны анық. Көп жағдайда жол көлік апаттарына  жаяу жүргіншілер себеп болып жатады. Мәселен, жүргіншілер белгіленбеген жерден жүгіріп өтіп жатады. Ал аяқ-астынан жолға шыққан адамнан қашқан көлік екіншісіні соқтығысып, жандарын қауіпке байлап жатады. Ал бұл кезде жолды кесіп өтіп, көліктерді қағыстырып кеткен жүргінші оқиға орнынан қашып та үлгереді. Нәтижесінде көлік жүргізушісі кінәлі болып, шығынға батып жатады.  Яғи,  жүргіншілердің кінәсінен туындайтын жол көлік оқиғасының негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі. Іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кеңеске қатысушылар елорда үшін осындай ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі.

Байланысты жаналықтар

Суға батқан адамдарды құтқарған атыраулық полицейлер марапатталды

20.06.2024

Әкімдер Украинаны қолдайтын митингілерден неге қорқады?

17.07.2023

Сағынтаевтың кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

08.06.2020

Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші полицияда қызмет еткен

26.05.2020

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды

25.02.2020
MalimBlocks
Суға батқан адамдарды құтқарған атыраулық полицейлер марапатталды

Полицейлер Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінде қызмет етеді.

Әкімдер Украинаны қолдайтын митингілерден неге қорқады?

Астана мен Алматы әкімдіктері белсенділерге Украинаны қолдайтын митингілер өткізуге тағы да тыйым салды,- деп хабарлайды #NotExtremists telegram арнасында.

Сағынтаевтың кеңесшісі жаңа қызметке тағайындалды

Екі полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші полицияда қызмет еткен

Теміртауда полиция қызметкерлері ұсталды