«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

Malim Админ

  • 22.07.2020

Үкіметтің сейсенбідегі дәстүрлі отырысында еңбек нарығы мен халықты әлеуметтік қорғау мәселесі және қозғалды. Карантин күшейіп, індет өршіп тұрғанына қарамастан жұмыспен қамту дегендей мәңгілік мәселенің қазіргі тар жол, тайғақ кешуде ұмыт қалмауының себебі түсінікті. Біріншіден, мемлекет пен билік қандай жағдайда да халық қауіпсіздігін қорғауға, адамдардың өміріне қауіп-қатер төндірмеуге  конституциялық жауапкершілік алған. Екіншіден, індет елге келген сәтте-ақ ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс орынын сақтау, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды барынша қолдауға тапсырма беріп, атқарушы билікке ширақ қимылдауды ашып айтқан. Осыдан болар үкімет апта сайынғы дәстүрлі отырысында әлеуметтің әлеуетін сөз етпесе ісі оңға баспайтын болған.

Сонымен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің үкіметте жариялаған есебі бойынша, осы жылдың  6 айында 283 мың адам  і жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасына білек сыбана қатысыпты.

«Еңбек» бағдарламасы жұмыс күшін тиімді пайдалануда ішкі көші-қонға да оң ықпалын тигізіп жатыр екен. Мәселен, халқы тығыз, жұмыс табу қиын оңтүстіктің  3019 тұрғыны еңбек күші жетіспейтін теріскей аймаққа көшіп барған. Яғни, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 853 отбасы қоныс аударған.

Сондай-ақ, министрлік таратқан мәліметке қарағанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіп меңгеру үшін қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 мың адам қатысқан. Ал жылдың соңына дейін 20 мыңға жуық азамат жаңа кәсіп меңгеріп, тегін білім алмақ.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 17,6 млрд. теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 165 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд. теңгеге 3 687 микрокредит берілді» дейді министрлік.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

21.10.2024

"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды

23.07.2024

Көші-қон саласына сүбелі үлес қосқан маман

29.02.2024

2023 жыл. Халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?

21.12.2023

Ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтуда алдыңғы орында. Статистка

09.11.2023

Пандемия босқындарға қалай әсер етті? Сарапшы пікірі

17.03.2021
MalimBlocks
Қазақстан ішінде көшкендер енді басқа аймақта жұмыс істей алмауы мүмкін

Еңбек министрлігі тиісті өзгерісті ашық талқылауға шығарған

"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды

Көші-қон саласына сүбелі үлес қосқан маман

2023 жыл. Халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?

Түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаржы бөлініп жатыр

Ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтуда алдыңғы орында. Статистка

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту бойынша кезекті жинақты шығарды.

Пандемия босқындарға қалай әсер етті? Сарапшы пікірі