Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иманғали Тасмағамбетовтың орнын басқан жаңа саясаткер туралы не білеміз?

Саясат
Иманғали Тасмағамбетовтың орнын басқан жаңа саясаткер туралы не білеміз?
odkb-csto.org. Суретте: Иманғали Тасмағамбетов

2026 жылдың қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) жаңа бас хатшысы қызметіне кірісетін Таалатбек Масадыков – Қырғызстанның тәжірибелі дипломаты және халықаралық қауіпсіздік саласының білікті сарапшысы, деп хабарлайды Malim.kz.

Масадыков ұзақ жылдар бойы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы саяси миссиясында қызмет атқарып, аймақтық қауіпсіздік, бейбітшілік орнату, келіссөздер жүргізу бағытында маңызды рөл атқарған. Ол Орталық Азия, Ауғанстан және Таяу Шығыс аймақтарының геосаяси жағдайын терең білетін маман ретінде кеңінен танымал.

Дипломат қарулы жанжалдарды реттеу, экстремизмге қарсы күрес, гуманитарлық жобаларды басқару сияқты салаларда ауқымды тәжірибе жинақтаған. Осы себепті оның ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалуы ұйымның жаңа кезеңге қадам басуы ретінде бағалануда.

Таалатбек Масадыков Мәскеуде жоғары білім алған. БҰҰ жүйесінде 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп, халықаралық аренада бедел жинады. Ол Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары, ал 2024 жылдан бастап ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін Масадыков қауіпсіздік саласындағы өзгерістерге қатысты:

"Қақтығыстар ҰҚШҰ шекараларына таяп келеді. Батыс гибридті соғыс пен жалған ақпаратты белсенді қолдануда. Біздің басты міндет – реакция жасау емес, қауіп-қатерді алдын ала талдап, болжау және оның алдын алу", –деп мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу