Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш ұялы байланыс операторы тариф бағасын көтерді: Желіде жұрт оларға жаппай бойкот жариялауда

Қоғам
Үш ұялы байланыс операторы тариф бағасын көтерді: Желіде жұрт оларға жаппай бойкот жариялауда
видеодан скриншот

Қазақстандық Beeline компаниясының “Үй интернеті” қызметінің айлық абоненттік төлемі күрт қымбаттағанын айтып, наразылық білдірді. Ал компания ресми пікір білдіріп, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап тариф құны айтарлықтай өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Beeline-ның бағасы қымбат, ал сапасы сын көтермейді”

Қазақстандық Threads желісіндегі парақшасында тариф бағасы күрт өскенін айтты. Оның жазбасында төлем мөлшерінің өзгеретіні және баға 19 039 теңге болатыны көрсетілген. Бұл бұрынғы тарифпен салыстырғанда шамамен 4 мың теңгеге жоғары.

“Тариф бұрын жыл сайын 1-2 мың теңгеге ғана қымбаттайтын. Алайда биыл өсім бірнеше есе жоғары болып отыр”, – деп жазды. 

Басқа да желі қолданушылары бағаның көтерілгеніне шағым білдірді. Олар қызмет сапасының өзгермегенін, интернет жылдамдығында айтарлықтай алға жылжу байқалмайтынын айтты. 

“Екі күннен бері Threads лентасы Beeline мен Tele2 тарифтерінің қымбаттағаны туралы жазбаларға толып кетті. Ал мен толықтай қолданушыларды жақтаймын. Себебі бағаны күтпеген жерлен, жоғары бағаға өсіру дұрыс емес деп есептеймін. Кей операторлар тарифті жылына бірнеше рет көтереді екен. Бұл қаншалықты заңды? Оның үстіне, қызмет сапасы да бағасына сәйкес келмейді”.

“Шағым білдіріп жатқандарды қолдаймын. Өзім де қай операторға ауысарымды білмей отырмын. Себебі менде де Beeline. Өз нөмірім және “Отбасылық тарифте” тағы екі нөмірім бар. Айына 7970 теңге төлеймін. Оның өзінде отбасылық пакеттегі интернет, минут пен SMS-ті толық пайдаланбаймын. Үйде Beeline-ның интернеті мен ТВ-пакеті бар еді. Ол 7500 теңге, ал қаңтардан бастап 12 500 теңгеге өседі. Енді соның орнына не алсам болады деп ойлап жүрмін. Алайда анама керек болған соң, ішінде телевизия да болуы шарт. Ал үйде екінші интернет “Қазақтелекомдікі”, айына 6500 теңге”. 

“Кейбірі Beeline-нан толықтай бас тартып, Activ-ке өткенін айтқан еді. Сосын жолдасымды Beeline операторынан шығарып, 5G роутер қойдық. Сосын бүкіл отбасыны Activ-ке ауыстырдық. Beeline-нан бір-ақ күнде бас тарттық”.

“Ауылда тұрамын. Мұнда Beeline ұстайтын бір ғана байланыс мұнарасын қойғандықтан амалсыздан Beeline-ға ауысуға тура келді. Бірақ интернеттің жылдамдығы өте нашар. Тасбақадан да баяу”. 

Altel, Beeline және Tele2 ұялы байланыс операторы не дейді?

Аталған жағдайға Altel, Beeline және Tele2 ұялы байланыс операторы ресми пікір білдірді. 

Beeline келер жылы 1 қаңтардан бастап тариф құны айтарлықтай өсетінін мәлімдеді.

“2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі жаңа Салық кодексіне сәйкес 12%-дан 16%-ға дейін өседі. Қосылған құн салығы мөлшерлемесінің өзгеруі байланыс, интернет және оған қатысты қызметтердің бағасына айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты тарифтік жоспарлар бойынша абоненттік төлем қайта қаралады. Компания жаңартылған бағалар жөнінде өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 күн бұрын алдын ала хабарлайды”, – делінген хабарламада. 

Компанияның мәліметінше, 2025 жылдың 3 тоқсанындағы күрделі шығындар 65 миллиард теңге болып, 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғарылаған. Ал соңғы 5 жылдағы жиынтық көрсеткіш 370 миллиард теңгеден асады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу