Қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген ұстаздардың сынына ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл шешімді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өзінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиында жариялады. Жиналыста білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер көтерілді.
Министрдің айтуынша, жоба мұғалімдерге қосымша міндет жүктеп, олардың негізгі жұмысын тиімді атқаруына кедергі келтірген. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға қатысты заңдық негіз бен ресми құжаттардың болмағаны анықталған. Сондықтан оны тоқтату туралы шешім қабылданды.
"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, артық жүктемеге салған, мақсаты мен ережесі нақты айқындалмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы тиіс. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ бұл процесс заңға сәйкес, жүйелі түрде жүргізілуі керек", – деген еді министр Сүлейменова өзі депутат болып жүрген кезде.