Футболдан Чемпиондар Лигасының бесінші турында алматылық клуб сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қайрат» сапында Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасындағы алғашқы голдарын соқты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үштігіне кірді.
Енді «Қайрат» 9 желтоқсан күні «Астана Аренада» грекиялық «Олимпиакосты» қабылдайды.