Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Оған көзім түсті": Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісова жайлы құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

Шоу-бизнес
"Оған көзім түсті": Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісова жайлы құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
SN.kz. Суретте: Алтынбек Қоразбаев пен Мақпал Жүнісова

Танымал композитор әрі әнші Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға қатысты өз сезімі мен шығармашылық байланысы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Өнер майталманының айтуынша, оның кең танымал "Мәңгілік махаббат" әні дәл Мақпал Жүнісоваға арналып жазылған.

"Мақпал – халықтың айрықша жақсы көретін әншісі. Оған қызықпаған адам кемде-кем. Мен алғашында оның тұлғасына емес, дауысындағы әуезге, әншілік табиғатына тәнті болдым. Жамбыл облыстық филармониясының директоры болып жүрген кезде «Гүлдер-ай» ансамблімен бірге келгенде көзім түсті", – деп есіне алды Қоразбаев.

Композитордың айтуынша, оның көптеген әнін Мақпал орындап келеді. Олардың қатарында "Сағындым Алматымды", "Сағыныш саздары", "Сары жайлау" секілді шығармалар бар.

"Ал "Мәңгілік махаббатты" шын мәнінде Мақпалға арнап жаздым. Әннің ішінде оның аты аталмағанымен, жүрегімдегі сезім мен шабыттың иесі – Мақпал. Ол бұл әнді жоғары деңгейде алып шықты. Мақпал – біртуар талант. Көп дүние оған жарасады", – деді ол КешREC бағдарламасына берген сұхбатында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу