Еріктілер жиналған шөпті Маңғыстауға жібере алмай отыр

Malim Админ

  • 15.07.2021

Құрмет Талапқазы бастаған еріктілер қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына жинаған 10 вагон шөпті толық жібере алмай отыр. Еріктілер шөпті жеткізу үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан көмек сұрады.

Маңғыстауға алғашқы шөп вагондарын жөнелтіп, қазір Шетпеде жүрген ерікті Құрмет Талапқазы тағы бес вагон шөпті жөнелте алмай жатқанын айтты.

"Арыс, Шардара, Жетісай төңірегінде  жиналған шөпті салайық десек,  вагонға ақша төлеуге келіп қалыппыз. Сарыағаштан кеше бес вагон берген. Тағы бес вагон шөп бар. Соны басайық десек, ақша төлесін депті. Неге сөздеріңнен секіріп тұрсыңдар? Көмектесеміз дедік пе, көмектесейік", - дейді Құрмет Талапқазы.

Құрмет Талапқазының айтуынша, еріктілерден вагонды жалға алған компаниялар ақша сұраған.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысына видеоүндеу жасаған ерікті Мұратбек Солтанбай бес вагонды жіберу үшін ақысын төле деген талап қойылғандықтан, оларға тиелген шөпті жерге түсіруге мәжбүр болғанын айтады.

"Мында бес вагон, үш вагон "Damu business group-тікі", өзіміздің бес вагон шөп тұр. Бүгін Маңғыстауға кетуі керек еді. "Қазақстан темір жолы" тегін жбереміз деген болатын. Әлеуметтік желіде кеше рахмет айтып едік, бүгін таңертең "жібермейміз, ақшасын төлеңдер, әр вагон ақысы 480-500 мың теңге деп отыр. Вагондарды тегін жатыр деген соң, төлейін деген ақшамызға шөп сатып алайық деп, төрт вагон шөп алдық. Қазір оны тиейтін жер жоқ болған соң, амалсыздан вагоннан жерге түсіріп жатырмыз", - дейді Мұратбек Солтанбай видеоүндеуінде.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мен "Қазтеміртранс" АҚ оңтүстікте еріктілер жинаған шөпті Маңғыстауға тегін жеткізуге уәде берген.

"ҚТЖ" басшысы бүкіл халық болып жұмылып игі іс атқарып жатқанда, көмек беремін не бермеймін деген шешіміңізді білуіміз керек", - дейді Мұратбек Солтанбай.

Malim.kz бұл мәселе бойынша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне хабарласты. Бірақ баспасөз қызметі  әзірге жауап бермеді.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін