Эстония президентіне Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ

"Эстония Республикасының президенті Керсти КАЛЬЮЛАЙД Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған шараға мән бермеуі тиіс. Елеп- ескерудің де қажеті жоқ". Бұндай мәлімдемені Эстонияның билік партиясы Isamaa ( Отан) жасады.
«Ресей президенті Владимир ПУТИН Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын қайта жазбақшы. Молотов пен Риббентроп арасындағы келісімді ақтайды. Осындай жағдайда Эстония президентіне 9 мамыр күні Мәскеудегі парадқа барудың қажеті жоқ», - делінген Isamaa партиясының мәлімдемесінде.
«Отан» партиясы президент екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әділетсіздікті ескеру керектігін де атап өтті. КСРО Шығыс Еуропа елдерінде совет үкіметін орнатқанын, ал 30 жылдардың соңында Балтық елдерін басып алғандығы да партияның жолдауында айтылған.
news.ru интернет басылымы жазуынша, 2020 жылдың басында Польша саясаткерлері Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына КСРО-ны кінәлі деп мәлімдеген. Және Совет одағын фашистік Германияға теңеген. Тіпті Польша ішкі істер министрінің орынбасары Ресейден сол үшін өтемақы сұрауға құқығы барын айтқан.
Фото: estonianworld.com