457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Коронавирусқа қатысты барлық шара қолға алынды»

Вице-премьер Ералы ТОҒЖАНОВТЫҢ айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай үкіметтің бақылауында. Бұл туралы ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда шыққан коронавирустың Қазақстан аумағына таралмауына жол бермеу жөнінде Үкіметке нақты тапсырмалар берген. Бұл мәселе президенттің жеке бақылауында. Үкімет отырысында премьер-министрдің қатысуымен күн сайын қаралады. Арнайы іс-жоспарлары бүгін де бекітілген. Аталған мәселені жіті қадағалауда ұстау мақсатында құрылған үкіметтік ведомствоаралық комиссияның тұрақты жұмысы атқарылып, күнделікті қажетті шаралар бойынша нақты шешімдер іске асырылуда», - деді үкімет басшысыынң орынбасары Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, бұл мәселеге қатысты өңір басшыларына да тапсырмалар берілген. Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ болса, қатерлі вирус тараған жағдайда жоспары барын айтты.

«Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді министр Біртанов.  

Гонкогтың басылым «South China Morning Post» хбарлауынша, қазір коронавирусты әлемде жұқытрығандардың саны 84 мыңнан асқан. 3 Мыға жуық адам қайтыс болса, 42 мыңнан астамы сайығып кеткен. Вирусты жұқтырғандардың көбі Оңтүстік Корея елінің азаматтары (3 736). Италияла 1 694 адам ауырса, Иранда мыңға жуық адам ем алып жатыр.

Фото: liter.kz