Көш көлікті, «Еңбек» табысты болсын!

Malim Админ

  • 23.09.2020

2020 жылдың 8 айында халқы тығыз орналасқан, жұмыс күші көп, жұмыс орыны өте аз өңірлерден  жұмыс күші тапшы, тұрғындары аз, қараусыз қалған өңірлерге, яғни, оңтүстіктен теріскейге жалпы саны 4 386 адам, оның ішінде еңбекке жарамды жастағы 2 303 адам бар 1 273 отбасы қоныс аударыпты. Еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің ішінен 1 652 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасқан. Бұл көші-қон «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жүзеге асып келеді. «Еңбек» ерінбей еңбек етемін деген жанға, жұмыс іздеген адамға барынша қолдау білдіріп келеді. Мәселен, Ажар Қуанышқызы оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген жанның бірі. «Еңбек» бағдарламасы оған «Бастау Бизнес» жобасы аясында 555 600 теңге берген. Бұл ақшаға ол екі бұзаулы сиыр сатып алған. «Жоспарым – мал басын көбейту. Мемлекеттің қолдауына ризамын. Халық үшін жақсы бастама. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып келгенде демеу берді. Енді міне, бизнес бастауға жәрдемдесіп жатыр» - деәді ол мәлім.кз тілшісіне.

Айта кетерлігі, жұмыс күшіне сұраныс көп аймаққа ерікті қоныс аудаушылар үшін мемлекет субсидия түрінде мынандай қолдаулар көрсетеді:

–  көшуетін отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен бір жолғы төлем (92 мың теңге);

-– 12 ай ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (39 мыңнан 79 мың теңгеге дейін) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызмет шығындарын өтеу отбасы мүшелерінің санына және жергілікті жерге байланысты төленеді.

Сондай-ақ қоныс аударушыларға тұрғын үй беру қарастырылады.

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй құрылысының 714 нысаны салынады, Павлодар облысында қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 441 пәтер сатып алынады.

2020 жылы барлығы 5 825 адамды (1 631 отбасы) көшіру жоспарда.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен бұған дейін 4,3 мыңнан астам адам жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.

 

 

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.