Көші-қон саласына сүбелі үлес қосқан маман

Malim Админ

  • 29.02.2024

Еліміздегі маңызды саланың санатындағы көші-қонның алар орыны алабөтен.  Мемлекеттің жүйелі саясатын іске асыру бағытында көші-қон мәселелері ұдайы назардан түспейді. Осы арналы саланы үйлестіру һәм іске асыру процесін, жауапкершілігін мойынымен көтеріп жүрген еңбек адамдары арамызда аз емес.  Сол шоғырдың ішінде үлгілі ісімен дараланған  полиция полковнигі, Ішкі Істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Жанар Қабиқызы да бар. Ақмола облысына қарасты Егіндікөл ауданының тумасы ширек ғасырдан бері адал еңбек етіп, ел алғысын алып жүр. Экономикалық және заңгерлік бойынша  жоғары білім алған білікті маман құқық қорғау жүйесінде, әділет органдарында көп жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып,  бай тәжірибесін халық  игілігіне жарата білді.

Алғыр да табанды Қожахметованың көші-қон саласындағы айтулы бастамаларына  арнайы тоқталған абзал.  Жанар Қабиқызы  1999 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін ІІМ Көші-қон полициясы департаменті құжаттандыру басқармасының есеп технигі, аға инспекторы болды. Бұлжылдары атқарған шаруалары жұрттың көз алдында. Еселі еңбек ескеріліп ол  2005 - 2011 жылдар  аралығында Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің ҚР азаматтарды құжаттандыру басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, бастығы сатыларына жетіп, көпке үлгі болды.

2011 жылдан қазірге дейінгі уақыт ішінде жауапты маман бірқатар қызметтің баспалдағынан өтті.   ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы,  ҚР ІІМ КҚПД халықты құжаттандыру және тіркеу басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің халықты құжаттандыру және ішкі көші-қонды есепке алу басқармасының бастығы  лауазымдары сөзімізге жарқын мысал бола алады.  

Жанар  Қожахметованың тікелей басшылығымен қолға алынған, шешімін тапқан жұмыстар аз емес.  Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, халықты құжаттандыру және тіркеу, көші-қон есебін жүргізуді сәтті іскеасырды.  Осы мақсаттарда ІІМ, Еңбек, Әділет министрліктерімен, ДСМ, ҰҚК ақпараттық жүйелерін интеграциялау процестерін автоматтандыру жайы бір ізге түсті.  Бұл өз кезегінде ішкі көші-қонды бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отырғаны айқын.

Көші-қон қызметі комитетінің бағы бір ілкімді ісін айналып өте алмаймыз.    Құрылым  2023 жылдың маусым айынан бастап Әділет министрлігімен және ДСМ-мен бірлесіп Астана қаласының базасында жаңа туған балаларға туған кезде ЖСН генерациялау бойынша, яғни оларға тегі, аты және әкесінің аты берілгенге дейінгі жобаны  қолданысқа енгізді. Бұл тетік балаларды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туылған сәттен бастап толық есепке алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  балалар саудасы жағдайларының алдын алып,   балаға туған күнінен бастап мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге ықпал етеді.   

Жанар Қабиқызының  бастамасымен 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерлемесін 2 есе төмендету салық кодексіне пысықталды. Сәйкесінше,  тиісті түзетулер енгізілді.   Ел игілігі үшін тер төгіп жүрген еңбек адамы көші-қон саласының ілгерілеуі жолында аянбай, күш-қайратын жұмсай бермек.     

Байланысты жаналықтар

"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды

23.07.2024

2023 жыл. Халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?

21.12.2023

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

22.07.2020
MalimBlocks
"Айлығы 1 млн теңге": Еңбек биржасында жұмыс орындары пайда болды

2023 жыл. Халықтың қанша пайызы жұмыспен қамтылды?

Түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаржы бөлініп жатыр

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды