Маңғыстау облысын дамытуға 2,1 трлн теңге жұмсалады

Айшолпан КЕРІМ

  • 05.10.2021

Үкімет Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарын мақұлады. Осы мақсатта 2025 жылға дейін 2,1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Дәлірек айтқанда 338 млрд теңге - республикалық бюджет есебінен, 118 млрд теңге - жергілікті бюджет және 1,6 трлн теңге - жекелеген инвестициялар есебінен болмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев мәлімдеді.

"Кешенді жоспар әртүрлі бағыттағы жобаларды іске асыру бойынша 15 бағыт, 214 шарадан тұрады. 2021-2025 жылдарға арналған инвестицияның жалпы көлемі - 2,1 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 338, 8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициялар - 1,6 трлн теңге", - деді министр.

Министр сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта Жаңаөзенде газ өңдейтін зауыт салынып, сұйық дәрі-дәрмек пен химреагенттер өндіру бойынша 21 жоба іске асырылады. Сондай-ақ, өңірлік туризмді дамыту бойынша бірқатар жоба қолға алынып, Ақтау халықаралық әуежайы жаңартылмақ. Министр бұдан бөлек тұрғын үй, кәсіпкерлікті дамыту мен спорт және мәдениет саласында да кешенді жұмыстар жасалатынын айтты.

"Денсаулық сақтау саласы үшін 16 құрылыс қолға алынып, үш ауысымдылық пен апаттық мектептерді жою үшін 24 мектеп пен 11 жанама құрылыс салынбақ. Кешенді жоспарымыздың біраз шарасы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда "Қошқар-Ата" қалдық қоймасы қалпына келтіріліп, төрт тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынады. Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үкімет үш модульді өрт сөндіру бөлімшесі мен "Қауіпсіз қала" жобасын жүзеге асырмақ. Еңбек даулары туындаған жағдайда дереу шешім қабылдау үшін Жаңаөзенде ведомствоаралық штаб құру жоспарланған" - деді министр.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді