Маскүнемдік дерті
Адам бұл өмірден қызық іздеп, қызық қуып қана өте? «Өмір қызық болмайды кетт», «Ол жақта қызық емес», «Ішпесең, қалай отырасың?» деген тұрақты, өмірімізге дендеп енген сұрауларға қарасақ, тек ішім-жем үшін, нәпсімізді қанағаттандыру үшін жүрген секілдіміз. Рухани дүниелерді көп айта бермейміз. Айтқан адамды жақтырмаймыз. Бейне өскен, жетілген адам сияқтымыз. Ал бірақ қоғамымызға қарайықшы. Маскүнемдік дертіне шалдыққан жандар көп. Осы өскен адамның белгісі ме?
Қазір ішіп алып көлік жүргізе кететіндер көбейіп кетті. Ал осы не мәдениет?Жақсы өзі үшін ішіп, рахатқа батқарн екен, бірақ рөлге отырып несі бар? Өзгелердің өмірін неге ойламайды? Жалпы мәдениетті адам олай істемес болар. Ал егер күнделікті ақпарат ағынына қарасақ, біздің републикамыздың шартарабында ондай оқиға күнде тіркеледі екен. Бір күнде бірнеше қалада. Ал ұсталмағандары қанша?
Күні кеше менің ауылымда бір жігіт ішіп алып, ауылдың бір кісісін қағып, мерт қылды. Өзі ағамның досы еді. Ұзынқұлақтан естуімізше, қазір үйінде тығылып жатқанға ұқсайды. Ауылға әңгіме тарап кеткен. Бірақ полиция қамаудан босатқан. Неге боастқаны әлі белгісіз. Ал өлген кісінің туыстары қарама-қайшы арыз жазып берген болар. Жә, ол бөлек әңгіме. Ал тура құрбан айт күні ішіп алып, ауыл ішінде жүрген менің ағамның досының қылығы қылық па? Кешіруге жата ма? Әрине, жоқ. Қайтқан кісінің туыстары өлетін адам өлді деп, жата-жастана кешірім сұрағандарға кешірім берген болар. Бірақ ол енді кемі он жыл көлік жүргізу құқығынан айырылу керек шығар. Әйтпесе, жазасыз құтылуға болатынын тағы бір мәрте дәлелдейтін едік. Бұл Алматы облысында болған оқиға. Ешқандай ақпарат көзінен оқығам жоқ. Естіген, білген жағдай.
Ал Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген қала тұрғыны ұсталған. Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен өткізілген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 22 шілде күні қаланың белгіленген аймағында экипажбен тексеру жұмыстарын жүргізген. Сонда Н. Назарбаев даңғылында Mercedes Benz маркалы автокөлігінің жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, қатты жылдамдықпен жүріп, адам өміріне қауіп төндіріп келе жатқанын байқап, патрульдік полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігін дереу тоқтатады. Жүргізушіні тексереді. Ал жүргізуші сараптама қорытындысына сәйкес “орта” дәрежеде масаң күйде көлік айдағаны белгілі болады. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді) әкімшілік хаттама толтырған. Тура осындай жағдай Ақтөбе қаласында да, Ордабасында да болған. болады. Онда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы жігіт уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. «25 шілдеде сағат 21:00-де Тайманов көшесінде патрульдік полиция жасағы қызмет атқару барысында 23 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сонымен қатар көлікті “орташа” дәрежелі мас күйінде басқарған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлікті басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы полиция бөлімшесі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынд» дейді полиция департаменті тартқан ресми хабарда.
Ордабасы полиция бөлімшесінің қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жүр. Оған күмән жоқ. Барлық ауылдарда полиция қызметкерлері ондай шараларды тұрақты жүргізеді. Ал кезекті шара барысында бұрылыс жарығын жақпай, өтіп кеткен Opel Vectra маркалы автокөлігін тоқтаттып, тексеріп қалса, көліктің иесі 2020 жылдың қараша айында Отырар аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны анықталған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктене қарайды. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізген ғой. Сонда сараптама қорытындысы қалай шықты дейсіз ғой? Қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растаған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тиісті орынға тіркелген. Заң бұзған жүргізуші қамауға алынған. Ал қамауда қанша отырады?
Ал, жаңағы Ақтөбе облысында 2021 жылдың қаңтарынан жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 95 жүргізуші анықталған. Олар ондай құқықтан айырылса да, көлік жүргізіп жүрген. Сонда қалай осынша адам көлік жүргізіп кетті дейсіз? Заң әлсіз бе? Әлде заңды орындатушы әлсіз бе? Оны өзіңіз ойлаңыз.
Мас күйде көлік айдап қана қоймай, екінші мәрте мас болып айдап ұсталып, я бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да, әлі қоймай жүрен азаматтар бар екен. осы мәселені зерттей қарағанда осыған көзіміз жетті!
Мысалы, Түркістан облысында екінші мәрте масаң күйде көлік жүргізген жүргізуші ұсталған. Төлеби ауылының полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге шыққан. Екпінді ауылына қарасты жол бойында олар Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің иесі 2019 жылдың қаңтар айында Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасап, көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталған. Сондай-ақ полицейлер жүргізушімен тілдесу кезінде, оның тағы да мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданған. Полицей осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінген. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің “жеңіл дәрежелі” масаң күйде екені анықталған.
Полиция қызметкерлері бұл оқиғаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша арнайы тіізмге тіркеген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тура осындай жағдай Шығыс Қазақстан облысында да қайталанады. 2021 жылғы 18 маусымда сағат 10:40 шамасында “102” жедел арнасына учаскелік полиция инспекторынан Риддер қаласының 32 жастағы тұрғынының басқаруымен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдеу бағытында “Субару Форестер” маркалы автокөлігі тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Тексеру кезінде жүргізушіде жеке басын және көлік құралын басқару құқығын куәландыратын құжаттар болмағаны анықталған және де ер адамнан алкогольдің өткір иісі сезілді. Осыдан кейін ол медициналық куәландыруға жеткізіліп, онда дәрігердің қорытындысына сәйкес орташа алкогольдік мас болу анықталған. Тексеру барысында Риддер қаласының тұрғыны бұған дейін үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болған.
Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев: «Соттың санкциясымен ол қамауға алынды және оған қатысты Қазақстан Республикасы Қыдмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заң бойынша жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - дейді.
Полиция қызмпеткерлері дүркін-дүрікін жол ережесін, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Бірақ оны орындап жатқан ешкім жоқ. Көрдіңіз бе, республикамыздың әртүрлі аймағында болған оқиғалар. Бірақ бәрінде бір сенімділік болған сияқты. Мас болып көлік жүргізу болады. Ал бірнеше жылға ондай құқықтан айырыла отырып, оның үстіне тағы мас болып жүргізу үшін қандай адам болу керек? Қандай ақыл керек?
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Оның әр заңы біз үшін бұзылмас қағида болған кеде ғана үй ішінде тәртіп, рет болады. Әзірге тек күресумен келеміз