Мемлекет басшысының саяси реформалары – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Елімізде жасалып жатқан соңғы реформалар елдің саяси-экономикалық дамуынан бөлек, сыртқы саясатта беделінің артуына да ықпалын береді.

  • 12.07.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары – жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Саяси реформа дегеніміз – қолданыстағы жүйенің негіздерін өзгертпестен жүзеге асырылатын қоғамның саяси өмірін (қатынастар, тәртіп, институттар, ұйымдар) өзгерту, өзгерту, қайта құру. саяси реформалар қоғамның, оның саяси және әлеуметтік билік институттарының эволюциялық дамуымен байланысты. Елімізде жасалып жатқан соңғы реформалар елдің саяси-экономикалық дамуынан бөлек, сыртқы саясатта беделінің артуына да ықпалын береді. Батыл саяси реформалар өзге мемлекеттерге үлгі әрі таңданыс сезімдерін туындатуда. Бұл дегеніміз мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесі. Оны Түркіста жұртшылығы да сезініп отыр. Жастар өкілі ретінде маған ауыл, аудан әкімдерін сайлау бастамасы ұнады. Бұрынғыдай жоғарыдан жіберілген адам емес, халық өзі таңдаған тұлғалар ел басқарады. Бұл – өте орынды қадам.

Былтырғы бүкілхалықтық референдумдағы Ата Заңға енгізілген өзгерістерді де жастар қауымы үмітпен қабылдады. 2022 жылы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдум арқылы саяси өзгерістер жасалды. Бұл саяси науқанға Түркістан жұртшылығы өте белсенді түрде атсалысты. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, республика көлемінде референдумға қатысушылар санынан Түркістан облысы бірінші орынға шықты.  Облыста 1 млн. 163 мыңдай адам референдумға қатысуға құқылы болса,  оның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келді. Дауыс берді. 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Референдумға дайындық жақсы жүргізілді. Қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Оған 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сол референдумнан кейін Президент халыққа Үндеуін жариялады.

«Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді.

Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек.

Алдымызда экономиканы шынайы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар тұр. Жоғары өнімді ауыл шаруашылығы мен қуатты көлік-логистика жүйесін дамыту, барлық салада цифрлық экожүйе қалыптастыру үшін шаралар қабылдау қажет. Еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс. Тек сонда ғана өзін-өзі қамтамасыз ететін орта тап пен тиімді экономика қалыптастыра аламыз. Бұндай экономика кірісті әділетті бөлуге, сапалы жұмыс орнын ашуға, тұрмыс сапасын тұрақты арттыруға және барлық азаматтардың толыққанды жетілуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық  мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл –  туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау деген сөз.          

Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.

Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс.

Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет.

Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды», -деді президент.

Үндеуде айтылған уәделер шетінен орындалуда. Заң жобалары жетілдірілуде. Шетелден активтер қайтарылуда. Бұның бәрі нақты істердің көрінісі.

Президентіміздің ұлттық қор қаржысының бір бөлігін балаларға беру бастамасы мемлекет тарапынан жас буынға жасалған ерекше қамқорлық. Мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аудару туралы шешім халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл жастарды білім алуға ынталандырудың өте оңтайлы жолы болып табылады.

Мемлекет басшысы саяси реформалары арқылы қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.

Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдемін. Соңғы жылдары еліміз қарқынды дамып келеді, ал ағымдағы реформалар саяси жүйені жаңғыртып қана қоймай, ел басқаруға жаңа тұлғаларды қалыптастырып жатыр. Бұл ретте жастар қауымына да мүмкіндіктер молайды. Реформалар сонысымен құнды.

Рамазан Алтай

ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК

жастар ұйымының төрағасы

Байланысты жаналықтар

Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26.11.2023

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

02.11.2023

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

26.10.2023

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

19.09.2023

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

28.08.2023

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

08.08.2023
MalimBlocks
Түркістан. Әкімдер – биліктің ауылдағы өкілі

26 қарашада Келес ауданы Бірлесу және Біртілек ауыл округтері әкімдерінің сайлауы өтті

Түркістан  облысында сайлауға қатысушыларға сертификат тапсырылды

Түркістанда сайлауға қатысты семинар-кеңес өтті  

Түркістан. Түлкібас кентіне жаңа әкім келді

Түркістан: Жартытөбе тұрғындары әкімін қалай таңдады?

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне  Жүсіпов Данияр Елшібекұлы сайланды.

Елдің жарқын болашағына әрбір азамат а өз үлесін қосу қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын Түркістан жұртшылығы үлкен үмітпен қабылдады. Былтыр бүкілхалықтық референдум бойынша облыстық штаб құрамында жұмыс істедім.